арақатынас, арақашықтық, аражік, арасалмақ, арагідік, арақатыс; екеуара,
өлара, өзара, ішінара т.б. Аралық, сөзінің арнайы формантқа айналуы
халықаралық сөзінен бастау алып,
ауыларалық, буынаралық, жоларалық,
еларалық, сыныпаралық, колхозаралық, континентаралық,
клеткааралық,
қабатаралық, қалааралық, мекемеаралық, мемлекетаралык,облысаралық,
салааралық, пәнаралық, мектепаралық сияқты атаулармен жалғасады.
Аралық,
сөзі –“екі зат, не құбылыстың арасындағы орталық жер, екі орта” (ҚТТС, Іт.)
тура мағынасында жұмсала отырып, сол екі затгың, не құбылыстың бір-біріне
байланысына, қатынасына, ыңғайластығына, ұқсастығына меңзейді.
Аралықтың
сөзжасамдық қабілеті сол, ол кез келген сөзге жалғана бермейді. Сондықтан
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси
кешенді нысандар (мектеп, ауыл,
мемлекет, сала) төңірегіндегі жалпы атаулар осы формантты постпозицияда
алуға бейім.
-лық жұрнағының сөз ұластырушылық
қызметі де соңғы
позициядағы аралық сыңарын біріктіруге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: