Орфографиясы


Шөп сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Шөп сыңарлы біріккен сөздер. Шөп сыңарлы БС-дер тілімізде 80
шақты өсімдік атауын құрайды екен. Олар: айдаршөп, айланшөп, арамшөп,
арпашөп, ашуайтшөп, әлекшөп, барқытшөп, балшөп, бауыршөп, бояушөп,
бөденешөп, бұқарашөп, елекшөп, елікшөп, еменшөп, еңлікшөп, еркекшөп,
жаншөп, жасаңшөп, жебіршөп, жемшөп, жұмыршөп, жұлдызшөп,
жұпаршөп, жылаңқышөп, жындышөп, келіншекшөп, кенешөп, кемпіршөп,
киікшөп, көкекшөп, көкбасшөп, кірпішөп, күреңшөп, қабыршөп,
қандалашөп, қандышөп, қарабасшөп, қасықшөп, кенепшөп, кцяқшөп,
қияршөп, қарғашөп, қояншөп, құмайшөп, қорғасыншөп, қызшөп, тұзшөп,
қылтықшөп, ләйлекшөп, мақташөп, мизамшөп, ойраншөп, өгейшөп,
өлеңшөп, сабыншөп, саздақшөп, сасықшөп, сауыршөп, сәбізшөп,
сәлемшөп, семсершөп, сортаңшөп, соршөп, сүйелшөп, сылдыршөп,
талақшөп, тамыршөп, тартаршөп, тасшөп, толғақшөп, томағашөп,
тұншықшөп, түктішөп, шайыршөп, шәрешөп, шүйіншөп, шөрешөп,
шайшөп, сағызшөп т.б. Мұнда шөп сөзі “жер бетіне жасыл болып шығатын
көкорай шалғын, балауса” (ҚТТС,9т.) деген нақты мағынасында әр алуан
сипаттағы сөздермен бірігіп, “өсімдік”, “көк” сияқты барлығына ортақ стандарт
мағынасы бар өсімдік атауларын жасайды.
Гүл сыңарлы біріккен сөздер. “Түрлі-түсті, үлбіреген, хош иісті
өсімдіктің” (ҚТТС, 2 т.) жалпы атауы гүл сөзі де елу шақты өсімдік
атауларының кұрамында әр сипатты сөздермен тіркесіп, бәріне ортақ “гүлді


бұта”, “гүлді өсімдік" мағынасы бар атау жасайды. Мысалы: азагүл, айгүл, ақгүл,
әлпігүл, әсемгүл, безекгүл, беренгүл, бөрігүл, бөрікгүл, дәстүргүл, ерінгүл,
еңлікгүл, жанамагүл, жанаргүл, жарқынгүл, жарықгүл, жатағангүл,
жұлдызгүл, жұпаргүл, запырангүл, кекірегүл, кербезгүл, көкбасгүл, көкгүл,
көкшегүл, қалтагүл, қозыгүл, қолтықгүл, құралайгүл, қырмызыгүл, лалагүл,
меруертгүл, наргүл, намазгүл, райхангүл, раушангүл, сарыгүл, секпілгүл,
себетгүл, таугүл, тегеурінгүл, тегісгүл, ұягүл, шегіргүл, шерменгүл, інжугүл,
ымыртгүл т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет