Алайда бұлардың да үлгісі Д
2
Д
1
қатынасты құрайды. Сөйтіп, КС бен БС
арасындағы бұл ұқсастық емледе біраз шатасулар әкеледі.
Негізінен, Д
2
Д
1
қатынастағы КС-дерді ҚТОС-інің үш басылымы да бөлек
тұлғалауды ұсынып келді. Ал проф. Р. Сыздықова алғашқы сыңары
may, шөл,
дала, ақ, қара, түйе, сиыр, ит болып келетін аң-құс, өсімдік атауларының бірге
таңбалануы қажет екенін көрсетіп, ҚТОС-інің жаңа басылымына реестр сөз етіп
береді.
Жалпы экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
қатынастағы БC үлгісі
тілімізде жоқ емес, бар болатын. Мысалы:
сарымай, ақбөкен, тарбақа, көлбақа.
Алайда бұл сөздердің бірге жазылуы біраз уақыт ала-құлалықта байқалып,
тұрақталып еді. Оның себебі екінші компоненттің тура мағынада жұмсалуынан
болып отыр. Осы арада мынадай ой түйіндеуге болады: құрама сөз құрамындағы
екінші компоненттің мағыналық жылжуға түсуі (Д
2
) сөздерді біріктіру
нәтижесіне жеткізеді.
Негізінен, бұл топтағы БС-дерді КС-дерден ажырату керек.
Әзірше
экстралингвистикалық мәнділікпен Д
2
Д
1
қатынастағы бұл КС-дердің бірге
жазылуы олардың терминдену сипатынан шығып отыратынын айтамыз.
2- топқа
жертөле, құстөсек, қонақүй, асүй, жүкаяқ, ораманан, таскөмір,
жерқойма, қонақасы, қарашірік, қосағасы, наурызкөже, өңіржиек, торқапшық,
түскиіз, есепшот, елтаңба,
жолбике, көзәйнек, көкбауыр, көкжиек, қолбала,
қолөнер, шоқаяқ сияқты компоненттері экстралингвистилық мәнділікпен Д
1
,Д
2
қатынастағы БС-дер жатады. Неміс тілінде мұндай БС-дерді синтаксистік сөздер
тіркесінің сырттай және іштей изоляциялануының нәтижесінде пайда болады
деп түсіндіріледі (116).
Алғашында
атау сөйлем, предикаттық қатынас формалары түрінде
болатынын тілдік фактілер растайды. Қолданыста қайталана келе, жайылған
ұғым белгілі бір қалыпқа, формаға түсуге ұмтыла бастайды. Бірақ ол форма –
бүкіл сол ұғымның мағынасын бойына жинақтап тұруы шарт. Сондықтан кез
келген сөзде жалпылық мағына басым болады. Бірақ “зат пен құбылыстың
танылмаған жақтары біртіндеп танылып,
олардың айырмашылықтары,
ерекшеліктері де айқындала бастайды. Осының нәтижесінде адам ұғымы
жалпылықтан жалқылыкқа карай тарамдалып, заттарды ажырата, айыра тани
бастауынан танылған заттарға бөлек-бөлек атаулар бере бастау” (110. 55),
анықтайтын анықталатын
қатынастағы тіркестерді, кейін күрделі-құрама
атауларды өмірге әкеледі. Ол тіркестер заттар мен құбылыстарды анықтап
көрсету қызметінде жүре келе, келесі танылған зат пен кұбылыстың атауға ие
болуына қарай жалпылануға көше бастайды. Сөйтіп, тіл үнемі ауысу, өзгеру,
даму динамикасы үстінде көрінеді. Үсті-үстіне пайда болып жататын танылған
заттар мен құбылыстарды тіл өзіне таңбалау үшін атау берудің түрлі тәсілдерін
қарастырады. Алғашында эксплицивті ұғым ретінде құрылатын атауды тіл
ықшам формаға түсіру үшін үнемдеу
заңына салып, фонетикалық элизия,
апакопа құбылысын “ерте жүріп” екі лексеманы морфологиялық бірігу, кірігу,
сіңісу құбылысына, болмаса, синтаксистік эллипсис,
болмаса лексикалық
метонимия, синекдоха құбылысына ұшыратады, яғни атауды беретін ұғымның
өзара ыңғайлас екі семасын білдіретін екі лексема бірігеді де, бір мағыналық
шоғыры жинақталады, не болмаса сол ұғымды беретін бір лексема қалады да,
қалғаны эллипсиске ұшырайды:
орама нан –
ораманан –
ораман, өре ағаш –
өре,
Достарыңызбен бөлісу: