Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


Кристаллографиядағы бағыттар



Pdf көрінісі
бет101/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   206
Кристаллографиядағы бағыттар (Кристаллографическое 
направление) — берілген крисаталлографиялық жүйенің басы 
арқылы бұрышпен ӛтетін сызық. 
 
Кристаллографиялық 
бағдар
(Кристаллографическая 
ориентировка) 
— тордағы ұқсас жазықтықтардың және 
бағытгардың бағдары. 
 
Кристаллографиялық 
бағыт 
(Направление 
кристаллографическое) — координатгы жүйенің басы арқылы 
берілген кристаллографиялық жазықтыққа бұрышпен ӛтетін сызық. 
 
Кристаллографиялық 
жазықтық (Кристаллографическая 
плоскость) 
— 
кристаллографиялық 
индекстің 
кӛмегімен 
белгіленетін кристалдық  тордағы жазықтық. 
 
Кристаллографиялық 
жүйе 
(Кристаллографическая 
система) — кристаллографиялық жазықтық пен бағыттың 
жиынтығы. 
 
Кристаллографиялық индекстер (Кристаллографические 
индексы) — кристалдық  тордағы нүктелерді, бағыттарды және 
жазыктықтарды белгілейтін кристаллографиядағы индекстер. 
КҤН ЖҤЙЕСІ – Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен 
планетадан (Меркурий, Шолпан,  Жер,  Марс, Юпитер, Сатурн, 
Уран, Нептун және Плутон), планета серіктерінен, мыңдаған кіші 
планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және 
толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер 
жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа 
қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең. Күн – Күн 
жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн 
жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе 
артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында 
орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дӛңгелек дерлік 
орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының 
бір-біріне қатысты кӛлбеулігі ӛте аз. Планеталардың Күннен 
қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни кӛршілес 
орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. 
Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты 


Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бӛлінуі ғарыштық денелердің 
кездейсоқ жиынтық емес екендігін кӛрсетеді. Барлық кіші 
планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала 
қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және 
эклиптика жазықтығына кӛлбеу орналасады. Кометалардың 
кӛпшілігі параболаға жақын ӛте созылыңқы орбита бойымен 
қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай 
комета орбиталарының эклиптика жазықтығына кӛлбеулігі алуан 
түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады. 
Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының ӛз осінен 
айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран 
планетасының осі орбита жазықтығына 98° кӛлбеу орналасқан, 
сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып кӛрінеді. 
Шолпан планетасы кері бағытта ӛте баяу айналады. Күн мен 
планеталар арасындағы қозғалыс мӛлшерінің таралуы маңызды 
космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің 
орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол ӛзінің 
қойнауынан үздіксіз энергия бӛліп шығарады. Күн бетінің күшті 
сәуле таратуына қарамастан, ол ӛзінің жоғары температурасын 
сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. 
Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына 
байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық 
құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі 
топқа бӛлінеді. Күн жүйесінің тӛрт ішкері планетасы (Жер 
тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен 
емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған. Алып 
планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон 
әлдеқайда 
кӛлемдірек, 
олар 
негізінен 
жеңіл 
заттардан 
(сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа 
тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. 
Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші 
планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың 
құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар 
бір-бірімен соқтығысып, ӛте майда сынықтарға ыдырайды. 
Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да 
бӛлінеді. Ал ӛте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық 
құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын ӛлшеу (құрамындағы 
радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау ӛнімдері 


бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда 
болғанын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет