(«қаңғұқ»-»қайұқ»-»қадзұқ»-»қазық»),
бұл
нұсқаның
Нұқ
пайғамбардың кемесімен типол. сәйкестігі тіпті дау туғызбайды,
оның үстіне Қ. т-ның сыртқы сұлбасы расында да алып қайықты
елестетеді. Ал сӛз жасаушы екінші компонент – «ұрт» сӛзінің
мағынасы «жер, жер тумағы, жер ортасы, кіндігі» дегенді білдіреді
(жалпы түркілік «жұрт – йұрт» сӛзімен, «орда – орта» сӛзімен,
«жер» сӛзімен, «жер» деген мағынаны білдіретін германдық
«йордэрт», «шумерлік «эриду», «урта» сӛздерімен салыстыруға
болады). Сонда, «Қазығұрт» сӛзінің бастапқы мағынасы «барлық
тіршілік тегін сақтап қалған жер (тумағы)» немесе «жер (тумақ)»
дегенді білдірген. Сӛздің түркі тілі негізінде түсіндірілуіне қарап,
Қ. туралы мифтің б.з.б. 2 мыңжылдықта,
Еділдің арғы бетінен
шыққан үнді-ирандықтардың қазақ жеріне келіп қоныстана
бастаған уақытының алдындағы жергілікті прототүркі тілді
жұрттың қолданысында болғандығын топшылауға болады;
заратуштрашылдықтың діни мәтіндер жинағы – «Авестада»,
кейінірек – «Шахнама» дастанында сақталған «Кангха/Кангдиз»
деген ғажайып жердің де нақ осы Қазығұрт тауы орналасқан
аймақпен (Шымкент – Ташкент аймағымен) сәйкестендірілуі де
прототүркілік мифтік түсініктің б.з.б. 1 мыңжылдықта-ақ иран тілді
ортаның дүниетанымына еніп кеткендігін кӛрсетеді. Кейбір
зерттеушілер Қ. тауын «ригведалық» (үндіарийлік) топан су туралы
мифпен де
байланыстырады; бұл мифтегі топан судың куәгері
болған Ману деген кісінің есімі мен Қ. ӛңіріндегі Мансары тауы,
Мансары әулие сияқты топонимдердің ұқсастығы осындай
пайымдауға негіз болған. Қ. тауының үнді-арийлердің Еділдің
батысындағы далалардан бүгінгі Үндістанға дейінгі қоныс аудару
бағытының
бойында
жатқандығын
ескергенде,
осындай
топшылаудың қисынды екендігі аңғарылады. Яғни, үнді-арийлер
ӛздерінің топан су туралы мифтерін прототүркілерден алып, ӛз
талаптарына сай ӛзгерткен болып шығады. Қазақ ауыз
әдебиетіндегі Қ. т. туралы аңыз ӛлеңде «Қазығұрттың басында кеме
қалған, ол
әулие болмаса неге қалған, Жетім қозы басында жатып
қалып, Шопан ата жануар сонан қалған» деп, Шопан ата, Зеңгі
баба, Жылқышы ата (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты тӛрт түліктің
киелі иелері аталады.
ҚАЙРАҢ — әдетте, ағысқа қарсы бағытталған және ағыс бойынша
тік құлама, жалпақ беткейлі болып келетін ӛзен арнасының жал
түріндегі телімі немесе жазық жер ӛзендерінің таяз сулы бӛлігі.
Олар ӛзендердің бұрылыс аралықтарында, арналардың ұлғайған
тұсында және оның салалары сағасына жақын жерде пайда болады.
Топырағы борпылдақ шӛгінділерден түзілген.
Қайраң кеме
қатынасына қолайсыз. Арнаны су ағыны мен тасынды шӛгінділері
біркелкі шаймауынан пайда болады. Жайылманың ұлғайған тұсы
мен құйылыстардың сағаларында жиі кездеседі.
ҚАЛА —тұрғындары ӛнеркәсіп пен сауда орындарында
және
ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді
мекен. Қала орталық коныстандырылған пункт, кішкене қала
мен ауылдардан айырмашылығы шекара ішінде діни, әскери-
саяси, экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге
асырылу
деңгейімен және үлкен кӛлемімен ерекшеленеді. Осы әрекеттер
жиынтығы қоршаған шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.
Қала кӛбіне ӛз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы
болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне кӛтеретін басты
межелер — ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын
қызметі (ӛнеркәсіп, мәдени, саяси - әкімшілік орталықтары).
Достарыңызбен бөлісу: