Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ҚУМА ТОЛҚЫН (БЕГУЩАЯ ВОЛНА)



Pdf көрінісі
бет109/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   206
ҚУМА ТОЛҚЫН (БЕГУЩАЯ ВОЛНА) — желі бойымен 
жүктемеге қарай  энергия тасымалдайтын толқын. Фидердің 
толқындық кедергісі антеннаның кіріс кедергісімен үйлескен 
жағдайдарадиотаратқыш фидерге беретін энергия қума толқын 
арқылы антеннаға толығымен беріледі. 
ҚУМА ТОЛҚЫН АНТЕННАСЫ (Антенна бегущей волны) — 
геометриялық осі бойынша қума толқын таралатын (қабылданатын) 
антенналар. 
Мұндай 
антенналар 
қатарына 
"толқындық 
канал", спиральдық 
антенна, диэлектрлік 
антенна, Бевереджа 
антеннасы, ромбалық антенна, т.б. антенналар жатады. Кӛбіне 
барлық 
толқындағы 
радиоқабылдағыш 
құрылғыларда 
қолданылады. 
ҚУМА ТОЛҚЫН ШАМЫ (Лампа бегущей волны) — жұмыс 
істеу принципі бір бағытта қозғалатын электромагниггік толқын 
мен 
электрон 
аңынының 
ӛзара 
ӛрекетіне 
негізделген 
электровакуумдық құрал. Аса жоғары жиілікті тербелістердің 
күшейткіші ретінде қолданылады. 
ҚҦДЫҚ – жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды 
ӛндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды 
аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін 
зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды. Қолданылуына 
қарай құдықтар грунт, артезиан, кәріздеу жәнебақылау болып 4 
түрге бӛлінеді. Құдықтар қазылу әдістеріне қарай шахталы 
(шегенді) және құбырлы деп аталады, гидротехникалық құрылыс. 
Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін 
пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола 
дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы
Шағалалы  қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі 
қазақ қоғамында табиғи су кӛздері жоқ шӛл және шӛлейтӛңірлерде 
құдық кӛптеп қазылды. Сонымен қатар құдық мұнай, т.б. 
сұйықтарды ӛндіру, жер бетінен атмосфералық және беткей 


суларды аластау (топырақты кептіру) және жер асты суларының 
режимін зерттеу мақсатымен де қазылады.
 
Шахталы құдықтар тереңдігі 30 – 40 м, ал диаметрі 0,8 – 1,5 
м болатын дӛңгелек не шаршы пішінді шахта түрінде қазылады. 
Кейбір шахталы құдықтардың тереңдігі 100 м-ге (Маңғыстау 
облысында), кейде 300 м-ге жетеді. Ол жер бетіне жақын жататын 
грунт суымен елді мекендерді және мал жайылымдарын 
қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Олардан тәулігіне 100 м3 
және одан да артық су алуға болады. 
 
Құбырлы құдықтар бұрғылау ұңғымасы тәрізді. Олардың 
тереңдігі 800 м-ге жетеді. Алматы облысында тереңдігі 250 – 300 м-
лік құбырлы құдықтар бар. 
ҚҦЙЫН, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су 
айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) 
жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы 
қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды 
дӛңгелете кӛтеріп, екпінді қозғалуы. Ол кӛтерілген кезде жылжып 
бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с 
жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дӛңгелене ескен желдің 
жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан 
жоғары қарай тез кӛтерілген ыстық ауаның ӛз жолындағы салқын 
қабатпен (кӛбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде 
құралған тӛмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының 
орталық бӛлігінде ауа қысымының тӛмендігінен Жер бетінен 
бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса 
күшті 
дауылға 
айналатын 
кездер 
болады. 
Шағын 
құйындар Қазақстанның шӛлейтті құмды ӛңірлерінде жиірек 
байқалады. 
Құйынның 
мысалына тромб, торнадо, циклон, қара 
дауыл, т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет