Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет99/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   206
КӚМЕКШІ ПРОЕКЦИЯ - есепті шешу үшін таңдап алынған 
жазықтыққа центрден немесе параллель проекциялау арқылы 
алынған бұйымның кескіні. Мысалы, суретте іздерімен берілген
жазықтығының түзумен қиылысу нүктесі анықталған. 
КӚМІР – ӛсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты  шӛгінді  
кен жынысы. Кӛмір құрамында әр түрлі мӛлшерде минералдық 


қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шӛгінді кен 
жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Кӛмір үш 
генетикалық топқа бӛлінеді: гумолиттер, сапропелиттер,
сапрогумолиттер. Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы 
ӛсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, тӛменгі сатыдағы 
ӛсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас ӛсімдік 
қалдықтарынан тұрады. Химиялық құрамының, физикалық және 
технологиялық қасиеттерінің ӛзгешеліктеріне қарай кӛмір мынадай 
негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр кӛмір,  таскӛмір,
антрацит. Кӛмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, 
кӛмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың 
мӛлшеріне байланысты болады. Кӛмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 
г/см
3
аралығында, бұл кӛрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын 
тӛмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. 
Органикалық массасының элементтік құрамы кӛміртектің 
басымдылығымен (қоңыр кӛмірде 65%, антрацитте 98%), оттек 
(тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) 
мӛлшерімен 
сипатталады. 
Кӛмірдің 
басты 
технологиялық 
кӛрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. 
Кӛмір – бағалы металлургиялық және химиялық ӛнеркәсіп 
шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, 
түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр 
қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Кӛмір 
кӛп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі кӛмір кендері
 Қарағанды,  Екібастұз кӛмір алаптарында орналасқан.
КӚШКІН – таудың құлама беткейімен тӛмен қарай орасан 
жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар Кӛшкіні 
қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, 
тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта 
кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда 
пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық 
және секірмелі Кӛшкіндер деп бӛледі. Құрғақ қардан Кӛшкін 
жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін 
ауа толқыны пайда болады. Қар Кӛшкіндері ӛзінің бұрынғы 
тапталған жолы бойынша жүреді, кӛл. 2 млн. м3-ге дейін, ал 
күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады. Кӛшкін жиі 
болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) кӛшкіннен қорғау 
жүйелері (қардан қорғайтын қалқандар, қауіпті беткейлерді 
артиллериямен атқылау және т.б.) құрылады, орманды кесуге 


тыйым салынады. Кӛшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. 
Мұз Кӛшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, тӛмен қарай 
жылжуынан пайда болады. 
КРИСТАЛЛОГРАФИЯ (гр. krіstallos – мұз, гр. grafo– жазу) –
 кристалдар  мен кристалл  заттар туралы ғылым. Ол кристалл  
заттардың құрамы мен құрылысын, пішінін, қасиеттерін, олардың 
ӛзара және сыртқы ортамен байланысын және кристалдық күйін 
зерттейді.  Геометриялық Кристаллография кристалл  заттардың
симметриясын, пішінін, кеңістік құрылысының геометриялық  
заңдылықтарын 
зерттейді.
Физикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет