Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет106/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   206
ҚАР ЖӘНЕ МҦЗ КӚШКІНІ– тау шыңдары мен беткейлеріндегі 
қар және мұздықтардың қозғалуы, тӛмен қарай сырғуы. Қар 
кӛшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, 
беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және 
қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық 
горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар кӛшкінінің 
кӛлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1 .м2ге 60— 100 тонна. Қар 
кӛшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті. 
ҚАРАҚҦМТүрікмен Қарақұмы (түрікменше – Гарагум) – 
Орталық Азияда, Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып 
жатқан құмды алқап, шӛл. Солтүстік және солтүстік-шығысы
Сарықамыс ойысы,  Әмудария  аңғары, оңтүстік-шығысы  Қарабел  
және Бадхызқыраттары, оңтүстігі Копетдаг етегі, батысы Батыс 
Узбоймен шектелген. Ауданы 350 мың км
2
. Қарақұм солтүстік 
Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бӛлінеді. Жер 
беті тӛбелі жазық. Негізінен, осы жерлер арқылы ӛткен ежелгі 
Әмудария, оңтүстігінде Мургабжәне Теджен ӛзендерімен келген 
құм шӛгінділерінен түзілген. Шӛлде тақыр жерлер мен сортаңды 
қазаншұңқырлар, құм тӛбелер және қырқалар жиі кездеседі. 
Оңтүстік-шығыс 
және 
Орталық 
Қарақұмдардағы 
құмды 
қырқалардың биіктігі 3 – 30 м. Қарақұмның климаты қоңыржай 
континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы 3°С-тан 
(оңтүстікте) –5°С-қа (солтүстікте) дейін. Шілдеде орташа 
температура солтүстігінде 28°С, оңтүстігінде 34°С. Жауын-
шашынның жылдық орташа мӛлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың 
солтүстік-шығысымен Әмудария ӛзені ағып ӛтеді. Оңтүстік және 
оңтүстік-батысындағы Мургаб және Теджен ӛзендері құмға сіңіп 
кетеді. Эфемерлі ӛсімдіктер, ӛлеңшӛп, ақ және қара сексеуіл,
қараған,  астрагал,  қылша  ӛседі. Киік,  түлкі,  қасқыр,  қарсақ, 
 шибӛрі, т.б. аңдар, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілер ӛте 
кӛп; құстардан бозторғай, шіл, т.б. кездеседі. Қарақұм аумағында 
Түрікменнің негізгі кен байлықтары (газ, мұнай,күкірт) жатыр. 
Шӛлді аумақтың орталық бӛлігінен Түрікменбашы (Қарақұм) 
каналы (ұзындығы 450 км) ағып ӛтеді. Оңтүстік-шығыс Қарақұмда 
дүние жүзіндегі ең байырғы Репетек құм ғылыми-зерттеу 
стансасы және осы аттас  қорық  бар. Шӛлде 6 мыңнан астамқұдық  
орналасқан.


ҚАРАҚҦМ
– Балқаш және Сасықкӛл кӛлдері аралығындағы құм. 
 Алматы  облысының Алакӛл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 
– 450 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 120 км, ені 30 км, ауданы 
1600 км
2
. Оңтүстігінде Арқарлы тауы  және  Сарықұм  мен
Тасқарақұмды алқабы орналасқан. Қарақұмның басым бӛлігі 
қырқалы, тӛбелі (биіктігі 5 – 30 м, әсіресе солтүсік-батыс жағында) 
келеді; бұта аралас жусан, еркекшӛп, т.б. сораң шӛптермен бекіген. 
Айнала етегі тақыр, тақырлы сораңдарға ұласады. Тұщы грунт сулы 
құм қабаты жер бетіне жақын жатыр. Қарақұм – қысқы мал 
жайылымы. 
ҚАРАҚҦМ
– Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан 
құмды алқап. Теңіз жағасынан 10 – 20 км жерде. Оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа қарай 150 – 160 км-ге созылған. Құм  Атырау  
облысының Жылыой  және  Маңғыстау облысының  Бейнеу  
аудандары жерін қамтиды. Батысы теңіз деңгейінен 19 м, шығысы 
9 м тӛмен жатыр. Қарақұмда теріскен аралас ақ жусан, еркекшӛп, 
изен, т.б. сораң шӛптер ӛскен. Минералдылығы әр түрлі, грунт 
сулары 2 – 6 м тереңдікте жатыр. Қарақұм ӛңірінде мұнай кен 
орындары бар. 
ҚАРАҚҦМ
– Іле ӛзенінің оң жағалауындағы құмды алқап. 
Қытаймен шекаралас орналасқан. Алматы облысы, Панфилов 
ауданыжерінде. Абсолюттік биіктігі 540 – 880 м. Оңтүстіктен 
солтүстікке 50 км-ге созылып жатыр. Ені 34 км-ге жетеді. 
Қарақұмның батысында Бурақожыр  (Борохудзир), шығысында
Қорғас ӛзендері, солтүстігінде Тоқсанбай жотасы, оңтүстігінде Іле 
ӛзені аңғары жатыр. ҚұмҮсек (Ӛсек), Бурақожыр, Қорғас және Іле 
ӛзендері алып келген аллювий жыныстарынан пайда болған. 
Тӛбелі, қырқалы құмдардың биіктігі 20 – 25 м-ге жетеді. Мұнда ақ 
сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, етегінде тораңғы ӛседі. Шағын кӛлдер 
кездеседі. 
ҚАРАТАУ – Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған 
аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. 
Алатаумен салыстырғанда Қаратауда жаз айларында қар 
жымылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан 
шағын ӛзендер ғана бастау алып, тау алды жазықтарында құмға 
сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тасты, қорымды келеді. 
Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда, т.б. түркі тілдес 
елдер аумағында (Түркия,  Иран,  Шыңжаң автономиялық ауданы,
Кавказ,  Қырым, т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау жотасы 


 деген атау (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  және Қызылорда 
облыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен 
(Ұзынқора) жотасында да кездеседі. Қаратау атауы — қазақтың 
тарихымен, 
ұлттық 
болмысымен 
біте 
қайнасып 
кеткен 
аномастикалық нысан, халқымыздың баспанасы, қарашаңырағы 
іспеттес рәмізге ие. 1723 жылғы ―Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл 
сұлама‖ тауқыметін суреттейтін, ӛз кезінде нағыз ұлттық гимнге 
айналған ―Елім-ай‖ жырындағы ―Қаратаудың басынан кӛш 
келеді...‖ деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. ―Басында Нұх 
пайғамбардың кемесі қалған‖ Қазығұрт тауы да — Қаратаудың бір 
сілемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет