Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет114/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   206
 
М 
 
МАГМА — жердің терең қойнауларында пайда болатын  силикат  
құрамды балқыған масса. Оның басты құрамдас бӛліктері: SіO2, AІ, 
Fe, Mg, Mn, Ca, Na, K, O, S, CІ, F, B, т.б. элементтер. Түрлі геология 
дәуірлерде қалыптасқан  гранит  және  базальт құрамды Магмалық 
тау жыныстары негізді (базальттық) және қышқыл (граниттік) 
түрлерге бӛлінеді. Базальттық Магма темір, магний, кальцийге бай 
келеді. Ондағы SіO2 мӛлшері 40 — 55%. Граниттік Магмада SіO2 
мӛлшері 65 — 78%-ға дейін жетеді әрі мұнда сілтілік элементтер 
мол. Магма жер қабаттарындағы әр түрлі эндогендік процестерден, 
физика-химия тепе-теңдіктер бұзылғанда заттардың балқып, 
сұйыққа айналуынан пайда болады. Мұндай эндогендік 


процестерге тектоникалық қозғалыстар, радиоактивтік ыдырау, 
химия реакциялар, заттар арасындағы фазалық ауысу, жер 
қойнауындағы жылу, т.б. жатады. Магма пайда болған жерінен 
жоғары кӛтеріліп, суынып, қатайып, тау жыныстарына айналғанда 
күрделі эволюция ӛзгерістерге ұшырайды. Магма қата бастағанда 
кристалдану процесі жүреді. Минералдардың кристалдану реті 
олардың қатаю (балқу) темп-расына байланысты. Кристалдану үш 
кезеңнен тұрады. Магмадан алдымен акцессор минералдар —
 магнетит, апатит, монцанит,ильменит, циркон, т.б. ал екінші — 
басты 
кезеңінде 
табиғатта 
ең 
кӛп 
кездесетін 
пироксен, амфибол, слюда, дала шпаты, т.б. минералдар бӛлінеді. 
Басты тау жынысын құраушы минералдар кристалданғаннан 
кейінгі соңғы кезеңде қалдық Магма балқымасы кремний 
қышқылына, сілтіге және ұшпа құраушыларға қанығады. Қалдық 
балқымадан пегматит, грейзен денелері түзіледі, олардың құрамы 
әр түрлі пайдалы құраушыларға бай болады. Магма балқымасының 
жоғары бӛлігінің құрамы гранитке, тӛмен бӛлігі базальтқа 
жақындайды. Табиғи жағдайларда Магманың жаралуы мен 
жіктелуі әлі толық анықталмаған құбылыс. Ол ӛте ұзақ уақытқа 
созылады, басқа геолология процестермен тығыз байланысты және 
құрлықтар мен мұхиттарда ӛзгеше болып келеді. Мұхиттан 
құрлыққа ауысатын аралық алқаптарда (мыс., Тынық мұхиттың 
―отты сақинасы‖ алқабында) вулканизм алғашқы сатыда андезит-
базальт, ал соңғы сатыларда қышқыл құрамды лавадан тұрады. 
Жалпы қышқыл құрамды тау жыныстар құрлықтарға және оларға 
жапсарлас 
аудандарға 
тән. 
Қышқыл 
тау 
жыныстардың 
қалыптасуы граниттену процестерімен де байланысты болуы 
мүмкін. Магмалық тау жыныстар кешендерінде әр түрлі кен 
байлықтары ұшырасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет