Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет105/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   206
ҚАЛҚЫМА СУ – жер бетіне ең жақын жатқан жер асты суы. 
Қалқыма су грунт суынан жоғары орналасады. Ол кӛбінесе 
ойыстарда, ӛзен-кӛл арналарында, су ӛткізбейтін қабаттардың 
бетінде, құм топырақтар арасында қар суы ерігенде, су тасығанда, 
нӛсер жауыннан кейін пайда болады. Қалқыма судың қоры, су 
шығымы әр ӛңірде әр түрлі болады, температурасы да ӛзгермелі 
келеді. Ылғалдылығы біршама мол, булану мӛлшері аз аймақтарда 
қалқыма су тұщы, ал тұзды топырақтар арасында тұзды болып 
кездеседі. Оның сапасына жер бетіндегі сарқынды сулар мен 
ластану кӛздері әсер етеді. Қорының, ӛнімділігі мен сапасының 
тұрақсыздығына байланысты қалқыма суды ауыз су ретінде, мал 
суаруға тек уақытша ғана пайдалануға болады. Мұндай сулардың 
қорын қар тоқтату, жауын және тасқын суларды ойыс жерлерде 
жинау арқылы жасанды жолмен арттыруға болады. Кӛп жағдайда 
қалқыма су астыңғы қабаттардағы грунт және тұрақты жер асты 
суларымен байланысты болатындықтан оны да ластану кӛздерінен 
сақтай білу қажет. Әдетте қалқыма су тұтас таралмайды, сутірек 
таужыныстардың үстінде орналасатыш шағын линзалар жасайды. 
Қалқыма судың мұндай линзаларының қалындығы кӛбінесе 0,5-1 
м-ден аспайды, кейде 2-3 мге жетеді. Мүндағы су гравитациялық 
түрде болып, деңгейге ие болады. Қалқыма судың режимі тұрақсыз 
- деңгейі мен минералдылығы айтарлыктай ӛзгеріп тұрады. Кейде 


құрғақ климатты аудандарда қалқыма сулы құдықтар жазда толық 
кеуіп кетеді. 
ҚАПШАҒАЙ - Қазақстандағы қала. Қазақстандағы құмар ойындар 
ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі. Қапшағай қаласы 1970 
жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай 
қаласында кәзіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар.Қапшағай 
бӛгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле ӛзенінің оң 
жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай ӛңірінде 54,4 
мыңнан астам адам турады. Қала Қапшағай бӛгені жағасында бой 
кӛтерген. Қапшағай халықтың ең кӛп демалатын жерлерінің бірі 
болып саналады. 
ҚАР - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары 
түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде 
ӛте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына 
айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан 
ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, 
яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темп-расы 
0°С-тан тӛмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден 
бастап солт-тің және оңт-тің жоғары ендіктерінс қарай жайласқан 
аймақтарда Қ-дың кӛп түсуі нен Жердің қар жамыл ғысы пайда 
болады. Қазақстан аймағында Қ., қазан-қараша айларынан бастап 
(қиыр оңт-ндегі жазық ӛңірлерін қоспағанда) түседі; Қ. 
жамылғысының қалынд. солт. облыстарда 25-30 см, оңт-ндегі 
жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алата-уында және 
Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Ӛскемен, Петропавл, 
Қостанай 
қалаларының 
тӛңірегінде 
Қ. 
150-165 
күндей 
(республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент 
атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады. 
Бҧршақ сӛзінің бірнеше мағынасы бар: 

Бұршақ - кӛгеннің ӛн бойындағы тӛл (кӛбінесе, қозы мен лақ) 
байлайтын, жүн не қылдан есілген бекітпе ілмешектер. Бұршақ - 
мӛлшері 5-тен 55 мм-ге дейін және одан да ірі жұмырланған мұз 
түйіршіктерінен тұратын атмосфералық жауын-шашын. Қалың 
жаңбырлы будақ бұлттардан, әдетте, қатты найзағай кезінде енсіз 
(бірнеше км-лік), ұзын (жүздеген км-ге созылған) ӛңірде жауады. 
Бұршақ ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. 
Бұршақтан қорғау будақ бұлттарда бүршақ түзілуін болдырмау 
үшін йодты күміс, қатты кӛмір қышқылын және кейбір 


гигроскопиялық реагенттерді ендіру арқылы дамуын реттеуге 
арналған жүмыстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет