ПОПУЛЯЦИЯ (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) —
белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын
және кӛбею арқылы ӛзін-ӛзі жаңғыртып отыратын организмдер
тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи
қалыптасқан ареалы және үздіксіз ӛзгеріп тұратын сыртқы орта
жағдайында ӛзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
сол түрдің ӛзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен
ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына
кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне
қатысуы тиіс. Әр популяция ӛзіне ғана тән статиктикалық
сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас
ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары
(саны мен тығыздығының уақытқа қатысты ӛзгеруі) бойынша
ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары
популяцияның белгілі бір сәттегі күйін кӛрсетіп, ӛлшеу, санау
арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық
сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай)
қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт
аралығындағы тірі организмдердің ӛмірге келуі мен ӛлімі
кӛрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ,
популяция санының ӛзгеруіне иммиграция және эмиграция
процестері де әсер етеді. Популяция саны ӛсуінің біртіндеп
тежелуі логистикалық теңдеу арқылы ӛрнектеледі. Әдетте,
жануарлар мен ӛсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты
болғанымен,
олар
әлсін-әлсін
күрт
ӛзгеріп
отырады
(мысалы, тоқалтіс
тышқандар,
леммингтер,
т.б.).
Кейбір
жануарлардың
(шегіртке, бӛкендер,
т.б.)
санының
немесе
тығыздығының қауырт ӛсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.
Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-
құлықтық (аумағын белгілеу, қору, кӛші-қон), физиологиялық
механизмдер
арқылы
(гормондар
қызметі,
стресс)
және
популяцияның генетикалық құрылымының ӛзгеруі арқылы реттеліп
отырады. Топтық бірігу ретіндегі популяция ӛзіне ғана тән
қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың ӛзіне тән қасиеттерге
де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың
негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы
саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына
немесе кӛлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
3) ӛсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда
болған жаңа дарақтар саны;
4) ӛлім-жітім - белгілі уақыттың бір бӛлігінде дарақтар
популяциясында ӛлгендердің мӛлшерін кӛрсететін кӛрсеткіш;
5) популяция ӛсімі - туу мен ӛлім-жітім арасындағы айырма;
ӛсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) ӛсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа ӛсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және
әйел жынысты дарақтар арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бӛліп тарату.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 —
1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын
зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің
ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр
аралық әсерлесу мен ӛнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны
зерттеудегі
микроэволюциялық,
генетикалық,
экологиялық
бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық
биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі тӛнген түрлерді сақтап
қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа
түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы
зор.
Достарыңызбен бөлісу: |