Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет140/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   206
 
Ӛ 
 
ӚЗЕН — ӛзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су. 
Ӛзеннің негізгі бӛліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы 
(кӛлге, теңізге құяр жері). Ірі ӛзендердің жоғарғы, орта және тӛмен 
ағысы 
болады. 
Тікелей 
кӛлдерге, 
теңіздерге 
құятын 
немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін ӛзендер – негізгі және 
оларға келіп қосылатын ӛзендер алғашқының салалары деп 
аталады. Негізгі ӛзен ӛзінің салаларымен бірігіп ӛзен жүйесін 
құрайды. 
Ӛзен жүйесі мен су жиналатын алаптан ӛзен 
алабы құралады. Екі ӛзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. 
Ӛзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – ӛзен 
аңғары бойымен (неғұрлым тӛменірек бӛлігі – арна, тасқын сулар 
ғана жететін жері –жайылма) ағады. Ӛзен қар суы, жаңбыр, мұздық 
және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті 
жер бедеріне байланысты тау ӛзені және жазық-дала ӛзені болып 
бӛлінеді. Ӛзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат 


жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай 
белдеудің таулы аудандарында суы мол ӛзен торы жиі орналасқан. 
Шӛлді аймақтарда қар суы мен қатты нӛсер әсерінен уақытша 
ӛзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі ӛзендер:  Амазона,  Ніл,
Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам ӛзен 
мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 
155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 
1000 км-ден асады. Барлық ӛзендердің су қоры 110 млрд. м3, 
олардың ағын мӛлшері 3460 м3/с. СЭС салуға болатын 2174 
ӛзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. 
кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Ӛскемен), Іле (Қапшағай), 
Сырдария (Шардара) ӛзендері бойында салынған. Республикадағы 
ірі ӛзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы 
ұзындығы 6000 км. Ӛзен – арзан энергия кӛзі, бағалы балық 
қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет