Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет142/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   206
 
П 
 
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР — Техниканың қазіргі жағдайында халық 
шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін 
пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер 
қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Ӛзінің физикалық 
қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ 
тәріздес болып үшке бӛлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар 
мынадай топтарға белінеді: жанғыш — кӛмір, мұнай, жанғыш 
газдар мен 
тақтатастар; 
құрылыстық 
— гранит, мрамор, 
утас, құм тағы басқалар.; химиялық шикізат — күкірт, калий 
тұзы, апатит, графит тағы басқалар.; отқа тӛзгіш шикізат — қара, 
түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы 
бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бӛлінеді. 
ПАЛЕОЗОЙ («кӛне тіршілік» мағынасында) — фанерозойэоны 
замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл). 
Кембрий, ордовик және силур кезеңдері 
астыңғы 
палеозой 
субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой 
субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын 
алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой 


кезіндегі Варискан. Палеозой фауналары кӛптеген омыртқасыз  
ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде  трилобиттер 
(Trilobita), 
грабтолиттер 
(Grabtolithina), 
брахиоподтар 
(Brachiopoda), 
сефалоподтар 
(Cephalopoda) 
жәнекораллдар. 
Заманның 
соңында 
амфибия 
мен 
рептилиялар 
әр-түрлі 
биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып 
талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және 
цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды. Палеозой 
терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) 
ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, 
ұзақтығы 290 млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, 
ордовик, силур, девон, таскӛмір (карбон), пермь дәуірлері енеді. 
Бұл дәуірлер геологиялық картада тӛменгі Палеозой (кембрий, 
 ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой 
(таскӛмір,пермь) деп бӛлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен 
солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа,
Сібір, Қытай, Корея) 
және 
оларды 
бӛлетін 
мұхиттардың 
(Палеоатлант, Палеотетис,Палеоазия) нобайы айқындалған. Бұл 
мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі мыңдаған м-ге 
жеткен. Олардың ӛмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең 
бірінші Палеоатлант (Япетус) 
девонның 
басында 
жабылып, 
карбонның ортасына дейін Палеотетис ӛмір сүрген, ал  Палеоазия  
палеозойдың соңында Лавразия  алып құрлығын жасап барып 
жабылған. Тіршілік әлемі Мұндағы айқын ӛзгеріс венд пен 
кембрий шебінде болды, қаңқалы организмдер – трилобиттер,
моллюскілер, т.б. ӛмірге келген. Бұл ӛзгеріс протерозой  мен
фанерозойды  жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған 
бақалшақтылар  карбонатты  емес, фосфатты  болған. Ордовик-
силурда алғашқы омыртқалылар  
балықтар,
карбонда  
қосмекенділер  (амфибиялар), яғни құрлыққа шыққан жануарлар 
пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық ӛсімдіктері ӛсіп, 
соңғы девон-карбонда қалың ӛсімдік жабыны пайда болған, 
нәтижесінде кӛміржаралу кеңінен таралған. 
Пайдалы қазбалары 
Орал,  Сарыарқа,  Алтай-Саян,  Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында 
 калцедон және герцин интруз. тау жыныстарымен тектес кӛптеген 
металл кендері бар. Шӛгінді тау жыныстармен қоса мұнай-газ, ірі 
кӛмір алаптары (Қарағанды, Екібастұз, Донбасс, Ертіс маңы, 
Кузбасс, Гондвана, т.б.), жанғыш тақтатас (Балтық маңы), мысты 


құмтастар мен тақтатастар (Жезқазған,  Орал бӛктері,  Маңғыстау, 
Атбасар, т.б.) кендері жаралды. Одан басқа фосфорит  (Қаратау,
АҚШ), боксит (Орал, Салаир), шӛгінді темір-марганец кентастары 
(Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян, т.б.), тұз кендері (Соликамск,
Иран-Пакистан, т.б.) де Палеозой тау жыныстарымен қатарлас. 
Қоры мол, қолайлы жағдайларда орналасқан әр текті құрылыс 
тастары, цементтік шикізат, асыл, әшекей, қаптама тастар да кӛп 
кездеседі. 
ПАМИР [ежелгі парсы Па-и-михр – Митраның (Күн құдайының) 
етегі] – Орталық Азияның оңтүстігіндегі тау жүйесі. Негізінен 
Тәжікстан жерінде, шығыс және оңтүстік бӛліктері Қытай мен 
Ауғанстан мемлекеттері аумағында орналасқан. Солтүстігінде Алай 
сырты жотасымен, оңтүстігінде Зоркӛл, Памир және Пяндж 
ӛзендерімен, батысында Пяндждің меридиан бағытындағы, 
шығысында Сарыкӛл жотасымен шектеседі. Жерорта теңізі 
геосинклиналінің кайнозой қатпарлығында түзілген. Тау түзілу 
қазіргі кезде де жалғасуда (8 – 9 баллдық жер сілкінісі). Жер 
бедерінің сипатына қарай Памир Батыс және Шығыс бӛліктерге 
бӛлінеді.Батыс Памир биіктігі 6000 м-ден асатын биік жоталардан 
(Ғылым Академиясы, Дарваза,Бірінші Петр, т.б.), мұздықтардан (ең 
ірісі – Федченко мұздығы, ұзындығы 77 км) және терең ӛзен 
шатқалдарынан тұрады. 
 
Ең биік жері – Коммунизм шыңы (7495 м). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет