Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет148/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   206
ПЛАТФОРМА (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда 
қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі 
жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шӛгінді тыстан 
тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде 
іргетастық кӛрініс беретін бӛліктерді қалқандар дейді. Шӛгінді 
тыспен кӛмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен 
протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, 
Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан 
құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп 
ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті 
жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған 
архейлік жыныстардан құралған жер қабығының кӛлемді берік 
алабы. Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары 
кӛтеріліп, не тӛмен түсуі мүмкін. Тӛмен түскен жағдайда 
платформаның үстін горизонтальды теңіз шӛгінділері жабады. 
Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде 
шӛгінді 
жыныстармен 
жабылған 
тереңдіктерде 
кездеседі. 
Сондықтан платформаға ӛзінің фундаменті мен оны жауып жатқан 
шӛгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы 


және шӛгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. 
Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сибирь ойпатын алуға 
болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы 
мүмкін. Платформа — баяу тектоникалық режиммен сипатталатын 
литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. Платформалар 
жылжымалы және тұрақты болып бӛлінеді. Платформаның ауданы 
млн-даған км2, пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. 
Платформа терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879 — 
1940) қолданған. Платформалар тысының қалыптасуы кезінде 
тӛменгі протерозой мен палеозойдың басында режим басым болды, 
карбонаттық шӛгінділер жиылды, негізді және ультранегізді 
интрузиялар дамыды.Мезозойдың соңы мен кайнозойдың басында 
Платформаларда шӛгінді жиылу аймақтары күрт қысқарып, күшті 
тектоник. қозғалыстар болуының салдарынан ірі кӛтерілімдер мен 
терең ойыстар (Каспий маңы, Вилюй, т.б.) жаралды. Іргетастың 
жасына байланысты Платформалар кӛне және жас деп бӛлінеді. 
Кӛне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік 
Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, 
т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстардан, ал жас 
Платформалар (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан, Торғай ойпаңы, 
Кавказ алды, Батыс Еуропа) жарылыстары мен гранит 
интрузиялары аз, метаморфизмі баяу палеозой, кейде жоғары 
кембрий тау жыныстарынан құралған (қ. карта). Платформа екі 
құрылымдық 
қабаттан: 
метаморфталған 
шӛгінді 
және 
жанартаутекті формациялар құратын іргетас пен Платформа тысы 
деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 
— 4 км) тұрады. Мұндағы тау жыныстары жайпақ тасты және 
ӛлшемдері әр түрлі кӛптеген Платформалық құрылымдармен 
күрделіленген. Кей жерлерде жас Платформаларда кең таралатын 
территекті және жанартаутекті тау жыныстары дамыған, іргетас 
пен тыс аралығында болатын ӛтпелі құрылымдық қабат кездеседі. 
Платформаларда магмалық әрекет геосинклиндерге қарағанда 
нашар, магматизм ӛнімдері біркелкі, негізінен базальт магмасының 
туындыларынан 
тұрады. 
Платформалар 
ауқымындағы 
гравитациялық аномалиялардың амплитудасы мен градиенті аз 
мӛлшерде болады. Платформалардың сейсмикаық белсенділігі 
тӛмен, тек ірі жарылымдар мен геосинклиндерге жақын жерде 
жоғарылау болады. Платформа қалқандар мен тақталардан тұрады, 
ал олардың құрамында бірқатар ұсақ құрылымдар болады. Бұл 


элементтер жер қыртысының қалың қабатты (30 — 40 км) және 
гранитті қабаты бар Платформаға тән. Оны ―кӛтерілген кратон‖, 
құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5 — 7 км-дей 
мұхиттық Платформаларды ―тӛмен батқан кратон‖ немесе 
―талассократон‖ деп атайды. Геоморфологиялық тұрғыдан оларға 
ойпаттар, қайраңдар, шамалы кӛтерілген жазықтар мен шоқылы 
алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының 
оңтүстік шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз 
бӛлігі, Батыс Сібір плитасыныңоңтүстік бӛлігі жатыр. 
ПЛАН (лат. planum — жазықтық) — 1. жер бетінің белгілі бір 
телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) 
шартты белгілердің кӛмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық 
План); 2. қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь 
қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы кӛрінісі; 3. 
горизонталь проекция;  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет