Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет145/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   206
ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОЕКЦИЯ – бұйымның  ӛзара параллель  
проекциялаушы түзулердің кӛмегімен тұрғызылған жазықтықтағы 
кескіні. Нүктенің параллель проекциясы деп осы нүкте арқылы 
ӛтетін және проекциялау бағыты болатын түзуге параллель түзудің 
проекциялар жазықтығымен қиылысу нүктесін айтады. Параллель 
түзулердің параллель проекциялары да параллель орналасады. Бір 
түзудің 
немесе 
параллель 
түзулердің 
бойынан 
алынған кесінділердің қатынасы сақталады.  
ПАССАТ (нем. Passat, ис. viento de pasada — кӛшкенге қолайлы 
жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және 
экваторлық 
ендіктерінде 
субтропиктік 
жоғары 
қысымды 
аймақтардан экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер; 
Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы 
қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты 
желдер; қос жарты шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймағы 
(25 градус — 30 градус ендіктер) мен экватор арасындағы жыл 
бойы байқалатын тұрақты түрдегіауа массаларының тасымалдануы.
Жер бетіңе жақын ауа қабатыңда үйкелу мен Кориолис 
күшінің әрекетінен, Солтүстік жарты шарда Солтүстік-Шығыс 
желі, ал Оңтүстік жарты шарда — Оңтүстік-Шығыс желі 
қалыптасады. Жердің ӛз ӛсімен айналуының әсерінен ӛзінің 
алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-
шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері 
басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық 
және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады. 
Материктердің 
үстінде 
атмосфера 
қысымының 
жергілікті 
ерекшелігіне байланысты оншалық байқалмайды. Пассаттарда 
қозғалатын ауа қабатының қалыңдығы субтропиктік жоғары 
қысымды ӛңірде (25-30° ендіктер) 1—2 км құраса, экватор маңында 
бүкіл тропосфера қабатын қамтиды. Одан жоғарыда жел қарама-
қарсы бағытта соғады (қ. Антипассат). Пассаттар атмосфераның 
жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет