Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет153/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   206
С 
 
САҒЫМ — атмосфера қабаттарының әр түрлі тығыздығының 
болуы салдарынан жарық сәулесінің  кейбір ауа қабатынан 
шағылуы, оған байланысты болатын сәуленің сынуы. Жер бетінен 
ауаның қызған қабаты кетерілгенде бұл жиі байқалады. Жер 
бетіндегі бір заттан шыққан жарық сәулесі түгелімен шағылысқа 
ұшырауы мүмкін. Сондықтан нәрсенің кескіні ауада ілініп тұрған 
секілді 
болып 
керінеді. 
Сағымның 
арқасында 
жайшылықта кӛкжиектіңтасасында жатып кӛрінбейтін заттардың 
кӛрінуі мүмкін. 
САЗ — 
негізінен 
сазды 
минералдардан 
(каолинит,
монтмориллонит, т.б.) тұратын, [[пластика]лық қасиеті бар шӛгінді 
тау жыныстары. Су тиген саздың қысым әсерінен белгілі пішін 
қабылдап, кепкенде соны сақтап қалуы пластикалық деп аталады. 
Саз шӛгінділер ішінде ең кӛп тарағаны (53%). Ол жұмсақ, суда 
жібіп иленеді, күйдіргенде берік тастай болады. Құрамы күрделі, 
басты  минералдары: каолинит,  монтмориллонит,  гидрослюдалар,
палыгорскит, сапонит. Саздар минералдық  құрамы бойынша
каолинитті,  гидрослюдалы, монтмориллонитті,  полимиктілі болып 
ажыратылады.  Каолинитті  саз немесе каолин құрамында ӛзінен 
басқа  гидрослюда, галлуазит, кварц, т.б.  минералдар  кездеседі.
Химиялық  құрамы: SіO2 — 30 — 70%, Al2O3 — 20 — 
50%. Пластикалығы 22-ден 
жоғары, 
қолмен 
үгіледі, 
суға 
қаныққанда кӛлемі 3 есе ӛсіп, тұтқыр қамырға айналады. Оны
кірпіш,  фарфор,  фаянс, т.б. жасауда және қағаз, резинаӛндірісінде 
толтырғыш ретінде қолданады. Қазақстанның  Ақмола,  Ақтӛбе,
Қостанай,  Қарағанды  ӛңірлерінде кен орындары бар. 
Гидрослюдалы  сазда  каолинит, монтмориллонит, карбонаттар,
сульфидтер, т.б. кездеседі. Химиялық  құрамы: Al2O3 — 20 — 


30%, 
сілтілер 
— 

— 
5%, 
т.б. 
Адсорбциялығы 
жоғары, пластикалығы тӛмен, суда 9 есеге дейін ӛседі. Оларды 
құбыр, қышқылға тӛзімді бұйым, цемент ӛндірісінде қолданады.
Монтмориллонитті С-да Al2O3 — 20%-дан аспайды және CaO, 
Fe2O3, MgO, SіO2 болады. Оның бентонит, флоридина деген 
түрлері бар. Оларды қалып, сабын жасауда және бұрғылау 
ерітінділерін 
даярлауда, мұнайӛнімдерін, 
шырындарды, 
т.б. 
тазартуда пайдаланады. Саздың бұл түрлерінің кенорындары 
Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс Қазақстандаорналасқан. 
САЙ — тау етектерінде, 
далаларда 
ұшырасатын, 
кӛбінесе 
 делювийлік  шӛгінділермен кӛмкерілген кӛлбеу жағалаулы құрғақ 
немесе уақтылы ғана су ағатын шағын аңғарша, кӛбіне құрғақ, 
кейде маусымдық су ағатын, беткейі кӛлбеулене келген ұзын ойыс. 
 
Сай 
жер 
бетінің
эрозияға  
ұшырауынан 
(қар және жаңбыр суыны) және жыралардың одан әрі дамуынан 
қалыптасады. 
 
Ұзындығы 10 — 15 км-ге, ені жүздеген м-ге, тереңдігі ондаған 
м-ге дейін жетеді. 
 
Табаны мен беткейлері шабындық ретінде пайдаланылады; 
егін, бау-бақша ӛсіріліп, елді мекендер орналасады. 
Сай
— 
1. кұрғақ немесе уакытша су ағатын, кӛлбеу келген ойыс 
табанды (табаны мен беткейлері түйетайланып тегістелген жыра), 
беткейлері шығыңқы әрі шымдақ, кейде бұталар ӛскен аңғар. 
Ұзындығы ондаған км, ені 100 м, тереңдігі ондаған м болады. 
Кӛбінесе орманды дала мен далалық белдемдерде кездеседі. Сай 
жыралардың соңғы сатысына жатады; 
2. қар және жаңбыр суының ӛрекетінен пайда болатын жыра, 
басқаша айтқанда, жыраның ақырғы сатысы, беткейлері мен үстін 
шым басқан. Жылдың басым бӛлігінде құрғақ болып, кейбір 
маусымда су ағып жататын кӛлбеу беткейлі ойыс. Сайдың 
ұзындығы 10—15 км- ге, терендігі ондаған, ені жүздеген метрге 
дейін жетеді, табаны мен беткейлері шабындык ретінде 
пайдаланылады, бау- 
бақша ӛсіріліл, 
онда 
елді 
мекендер 
орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет