Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет147/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   206
ПЕТРОЛОГИЯ (грек. petros — тас, logos — ілім) — эндогендік 
(магмалық және метаморфтық) тау жыныстарының құрамын, 
құрылысын, геологиялық ерекшеліктерін және жаратылысын 
зерттейтін ғылым. Петрологиялық зерттеулердің негізі — тау 
жыныстарының минералдық, химиялық құрамы, бітімі, құрылымы, 
жатыс пішіні, жасы, басқа тау жыныстарымен қарым-қатынасы 
болып табылады. Петрология пайдалы қазбалар туралы 
іліммен, тектоникамен, 
минералогиямен 
тығыз 
байланысты. 
Петрологияның петрофизика, петрохимия,петротектоника, 
физикалық және тәжірибелік Петрология, техникалық Петрология, 
ғарыштық Петрология сияқты тараулары бар. Петрологияда тау 
жыныстарына 
құрылымдық, 
петрохимиялық, 
физикалық-
химиялық, термодинамик., т.б. талдаулар жасалады. Осындай жан-
жақты зерттеу нәтижесінде магмалардың қалыптасуы, эволюциясы, 
басқа тау жыныстарына әсері, эндогендік жыныстардың 
қалыптасуының термодинамик. жағдайы, флюидтердің рӛлі, 
олармен химиялық элементтердің тасымалдануы және бастапқы тау 
жыныстарының құрамы анықталады. Петрология магматизм мен 
метаморфизм процестеріндегі жеке аймақтардың геологиялық даму 
тарихын, жер қыртысының қалыптасу заңдылықтарын, басқа 
геологиялық процестермен ӛзара байланысын анықтауға мүмкіндік 
туғызады. 
ПЕТРОФИЗИКА — петрология ғылымының тау жыныстарының 
физикалық қасиеттерін, құрамын, құрылымын зерттейтін саласы. 
―Петрофизика‖ терминін ғылымға 1953 жылы неміс геофизигі 
Ф.Фрелих енгізген. Петрофизика қатты денелер физикасы
эксперименттікпетрография, 
эксперименттік 
минералогия, 
инжинериялық геология, тектоника, пайдалы қазбалар ілімдерімен 
тығыз байланысты; тау жыныстарының физикалық қасиеттері 
(тығыздық, кеуектілік, серпімділік, эл., магниттілік, т.б.) мен 
құрамын зерттейді. Зерттеу нәтижесінде алынған Петрофизикалық 
мәліметтер, жасалған карталар тау жыныстарының түзілу кезі мен 
кейінгі 
ӛзгерістерін 
және 
кен 
орындарының 
орналасу 
заңдылықтарын анықтап, инжинериялық-геология міндеттерді 
орындауға мүмкіндік береді. Петрофизика сейсмологияда тереңдегі 
сейсмик. ӛзгерістерді танып-білуге де қолданылады. 


Планшет (фр. planchette тақтайша) — 
1. 
топографиялық суретке, түсіруге арналған аспаптар 
жиынтығына кіретін тегіс тӛрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны 
үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; 
2. 
Далалық 
топографиялық 
суретке 
түсіру 
кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; 
3. 
Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер 
жүргізуге арналған тендес кӛрсеткішпен қосылатын сызық торлары 
баргеографиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. 
Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде 
және басқа жағдайларда қолданылады
4. 
Әуедегі 
және 
теңіздегі 
жағдайларды 
суреттеуге, маневр жасау 
міндеттерін 
орындауға, 
нысананы 
кӛрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) 
және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы 
басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы 
арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы 
жүйесінде орындалған ашық (мӛлдір) негізді координаталық 
тор оның құрама бӛлігі болып табылады. Бұл құрылғылар 
механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет