Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет157/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   206
СПЕЛЕОЛОГИЯ — үңгірлерді, жер асты галереяларын, яғни жер 
асты карстарының формаларын зерттейтін ғылым. Оның міндеті' 
мен маңсаты жер астындағы: карсты құбылыстарды геологиялық 
құрылысы мен гидрологиясы, үңгірлердің даму проңесгерй мен 
олардағы органикалык дүниенің ӛмір сүруі жағынан жанжақты 
зерттеу болып табылады. Үңгірлерде мекен еткен ертедеп адамдар 
мен жануарлар қалдықтарын тауып зерттеу жұмысында 
спелеология антропологтар мен археологтар үшін ӛте пайдалы 
ғылым саласы 
СПРЕДИНГ - cite_note-0— мұхит түбінің кӛлбеу бағытта үнемі 
жылжитын базальт қабатымен жаппай кӛмкерілуі. 
 
Литосфералық табылатын 
бұл 
процеске 
сәйкес, 
орталық мұхиттық 
жоталардың орталық 
бӛлігіне 
орналасқан рифт деп 
аталатын 
тектоникалық 
құрылымдарға 
шоғырланған жанартаулар әрекеті нәтижесінде қалыптасқан 
базальт лавалары '(мұхиттық қыртыстың ең басты құрамдас 
бӛлігі) мен олардың ультранегізді магмалық таужыныстардан 
(перидотиттер, пироксениттер, дуниттер, серпентиниттер 
және тағы басқа) тұратын литосфералық мантиясы кӛлбеу бағытта 
үнемі жылжи отырып, мұхит түбін жаппай кӛмкереді деп 
есептеледі. 
 
Мұхиттық литосфераны кӛлбеу бағытта қозғайтын күш сол 
литосфера астындағы астеносфераға тиесілі конвекциялық ағымдар 
күші деп шамаланады. 
СТРАТИГРАФИЯ — геологияның бӛлімі, тарихи геологияның 
негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, 


олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды 
бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды. 
Ӛзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 
3600 м шӛгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның 
құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және тӛрттік 
шӛгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина 
үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге 
және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шӛгінділерімен 
салыстыруға негізделген. Бӛлімдер, ярустар және подярустар 
арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша 
жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер 
арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді ӛзгертуге және 
анықтауға 
мүмкіндік 
туып 
отыр. 
Ӛзен 
кен 
орнының 
мұнайгаздылығы юра және кейде бор шӛгінділері байланысты. Кен 
орнының геологиялық қимасында бор және юра шӛгінділеріне 
қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар 
(жоғарыдан тӛмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар - 
жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай - газды қабаты, 
жеке күмбездерде тӛменгі юраның XIX - XXIV горизонттары 
мұнайгазды. Пермь - триас (РТ) шӛгінділері Ӛзен кен орнының ең 
кӛне жыныстары болып табылады. Пермь - триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті 
құмтастармен және қара сланецтермен кӛрінеді. Тӛменгі триас (Т) 
шӛгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті 
құмтастармен 
орын 
алады. 
Бұл 
шӛгінділердің 
оңтүстік 
Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында 
шайылудың ізі бар. Оленек және орта триас жыныстары құмтастар 
мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр 
аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті 
тобын құрайды. Бұл шӛгінділерің жалпы қалыңдығы 1500 – 1600 м 
болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бӛлінген. 
Юра жүйесі (J) Юра жүйесі шӛгінділерінде барлық үш бӛлім де 
кездеседі: тӛменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м. 
Тӛменгі бӛлім (J1) Қиманың тӛменгі юра бӛлігі құмтастар, 
алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және 
ақшыл сұр, кӛбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері 
қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса 
кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды 
құмтастарға ауысады. Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды 


немесе сазды - кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде 
қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және кӛмір тектес затпен 
байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы 
негізінен қиғаш қабатталады. Тӛменгі юраның жабынында сазды 
бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу 
нәтижесінде 
күрт 
ӛзгерістерге 
ұшыраған. 
Тӛменгі 
юра 
шӛгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м. Тӛменгі юра қимасында 
XXIV-XXV екі ӛнімді горизонт айқындалған. Ортаңғы бӛлім (J2) 
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шӛгінділері мұнайгаздылығы 
жағынан 
ең 
ірісі. 
Сондықтан 
орта 
юраны 
бӛлшектеп 
стратиграфиялық 
мүшелеу 
ӛнімді 
горизонттарда 
олардың 
корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада 
жалпы қалыңдылығы 700 м аален, байос және бат яру стары 
айқындалады. Аален ярусы (J2а) Аален ярусы негізінен 
мортсынғыш, құмды - галькалы жыныстардан құралған және орта 
юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Ярустың қимасында сұр және коңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар 
басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең 
жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален 
құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде 
карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама кӛп жұқа 
қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ 
галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, 
кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы 
қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара 
XXII горизонттың табанымен ӛтеді. Байос ярусы (J2 b) Байос 
шӛгінділері ең кӛп және барлық жерде тараған. Байос ярусының 
шӛгінділері 
негізінен 
арасында 
кӛмір 
қабатшалары 
бар 
алевролиттер 
мен 
саздардан 
құралған 
континентальды 
фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының тӛменгі бӛлігінде 
сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бӛлігінде құмтасты 
жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 - ден 520 м-ге дейін 
ӛзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шӛгінділері 
екі подярусқа бӛлінеді. Тӛменгі байос (J2 b1) Бұл подярустың 
шӛгінділерінің жалпы қалыңдығы 470 м, және саздар, құмтастар 
мен алевролиттердің, кӛмір тектес заттың қабатшалары 
алмасуымен кӛрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен 
қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және 
ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті 


құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар кӛбіне қарасұр, 
тіпті қара, кейде қоңыр түсті. Ӛзен кен орнының тӛменгі байос 
шӛгінділерінде XXII, XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар 
орналасқан. Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt) Олардың 
шӛгінділері арасында саз қабатшалары бар біршама қалың 
құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, 
қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген. Алевролиттер сазды, 
құмтасты, ірі түйіршікті және құрамы айқын емес. Саздар қара 
қоңыр-сұр. Байос және бат шӛгінділерінің арасындағы шекара 
шартты түрде XV горизонттың табанымен ӛтеді. Жоғарғы байос-
бат шӛгінділерінің қалыңдығы 100м - 150м. Жоғарғы бӛлім (J3) 
Жоғарғы юра бӛлімінде негізінен теңіз шӛгінділері мен жануарлар 
қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфод және кембридж 
ярустары ерекшеленеді. Келловей ярусы (J3 k) Құмтастар, 
алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды 
қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, 
карасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.Құмтастар мен 
алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр. 
Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері кӛп. Келловей ярусында 
XIV горизонттың жоғарғы бӛлігі мен XIII горизонт орналасқан. 
Оның қалыңдығы 50-135 м. Оксфорд-Кембридж шӛгінділері (J3O-
km) Юра шӛгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-
кембридж шӛгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының 
үстін жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель 
жыныстарының біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында 
құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде 
кездеседі. Оксфорд-Кембридж шӛгінділерінің қалыңдығы тӛменгі 
будақ үшін 50м - 55м, жоғарғысы үшін 30м - 97м. Бор жүйесі (К) 
Бор жүйесінің шӛгінділері жоғарғы юра шӛгінділерінің шайылған 
бетінде орналасады және тӛменгі, жоғарғы бӛлімдері мен барлық 
ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық 
белгілері бойынша бор шӛгінділері үш бӛлікке бӛлінеді: тӛменгі 
терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және 
жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Тӛменгі бӛлікке XII 
горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бӛліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI, 
VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор 
шӛгінділерінің қалыңдығы 1100м шамасында. Бор шӛгінділерінің 
ӛнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен 
будақтарының біртекті астарласуы ретінде кӛрінеді. Кайнозой тобы 


(KZ) Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын 
алған. Палеоген шӛгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен 
саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шӛгінділерінің 
қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат 
ярустарымен кӛрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м, 
сармат ярусы – 80м - 90м. 
Палеоген жүйесі (Р) Палеоген шӛгінділеріне эоцен және олигоцен 
бӛлімдері жатады. Эоцен бӛлімі саз қабатшалары араласқан 
мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бӛлімі сұр және ақшыл 
сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің 
қалыңдығы 150-170 м. 
Неоген жүйесі (N) 
Неоген шӛгінділері тортон және сармат ярустарының шӛгінділері 
түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар 
мен әктастар қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар
мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің 
жалпы қалыңдығы 115м-ге жетеді. 
Тӛрттік жүйесі (Q) 
Тӛрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, 
суглиноктармен кӛрінеді. Шӛгінділер қалыңдыгы 5-7 м. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет