Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет156/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   206
СИНГАПУР 
БҦҒАЗЫ — Малакка 
түбегінің оңтүстік 
шеті 
мен Сингапур аралының және Риау топаралының аралығындағы 
бұғаз. Оңтүстік Қытай теңізін Малакка бұғазымен жалғастырады. 
Ұзындығы 114 км, ені 12-ден 37 км-ге дейін жетеді. Кеме жүзуге 
қолайлы, ең терең жері — 22 м. Сингапур бұғазы — Оңтүстік 
Азияны Шығыс Азия, Америка және Австралия порттарымен, 
Шығыс 
Азияны
Еуропа  
және
Африка  
порттарымен 
байланыстыратын маңызды теңіз жолы. 
СИНУСОИДАЛЫҚ ТОЛҚЫН - қандай да бір физикалық 
шаманың гармоникалық тербелістерінің ортада нақты анықталған 
жиілікпен таралуы. 
СОРТАҢДАР — шӛлейтте, шӛл және дала зоналарында тараған, 
құрамында әр түрлі тұздар кездесетін топырақтың түрлері. 
Сорлармен салыстырғанда олардың үстіңгі горизонттарында тұздар 
ӛте аз кездеседі де, ең терең горизонттарда мол болады. Сортаңның 
екі қара шірінді горизонты (үстіңгісі — элювиалды және 
астыңғысы — иллиювиальды) бар. Иллювиалды горизонтқа бүкіл 
үстіңгі шайылған қара шіріндіге қосыла тотықтар мен тұнбалар 
жиналып, горизонттың кепкеннен кейінгі тығыздалуына және 
призмалық жақпарларға жарылуына әсер етеді. Иллювиалды 
горизонттан әрі қарай тұзға қанықңан горизонт жатады. Сортаң 
топырақты шаруашылыққа пайдалану үшін мелиорациялық 
шаралар жүргізу қажет. 
СПЕКТРОГРАФ - 
күралдың 
оптикалык 
жүйенің 
тоғысу 
жазыктығына жайылған барлық сәулелену спектрін бір мезгілдік 
тіркеуге арналған кұрал. 
СПЕКТР (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген 
физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы. 
Спектрлер үздіксіз және дискретті (үздікті) болып бӛлінеді. Спектр 
ұғымы кӛбіне тербелмелі процестерде (мысалы, тербеліс спектрі, 
дыбыс спектрі, оптикалық спектрлер, теледидарлық сигналдар 


спектрі, т.б.) жиі қолданылады. Ядралық физикада массалар 
спектрі, сондай-ақ импульстер, энергиялар және жылдамдықтар 
спектрі ұғымдары да пайдаланылады.
Зат атомдары мен молекулалары электромагниттік сәуле шығаруды 
сіңіре отырып, энергетикалық қоздырылған күйге ауысады. 
Атомдар мен молекулалардың осы сіңірген энергиясы олардың 
тербелмелі, айналмалы немесе ілгерілемелі энергиясын арттыруға 
жұмсалады, ал кей жағдайда ол екінші реттік сәуле шығаруға 
немесе фотохимиялық процесс түріне түрленеді. 
Электромагниттік сәуле шығарудың бірнеше түрлері белгілі: γ-
сәулелер; рентген сәуле шығару; әсірекүлгін, кӛрінетін, 
инфрақызыл, микротолқынды және радио жиілікті сәуле шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет