Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет158/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   206
СТАНЦИЯЛЫҚ ПСИХРОМЕТР - ол, будканың ішіндегі 
штатифке қатар ілінген екі бірдей психрометрлік термометрлерден 
және дистилдендірілген су құйылган стаканнан тұрады. Оң 
жақтағы термометрдің резервуарына батист мата байланады да, 
оның бір шеті стакандағы суға батырылып қойылады. Стакан мен 
резервуардың арасы 2 см. Ауа ылғалдылығының сипаттамалары 
осы екі термометрдің температура айырмашылыгы негізінде 
анықталады. Станциялық психрометрдің тӛменгі колдану шегі 
минус 10 °С және жылы маусымда ұзын батист, суық маусымда 
қысқа батист қолданылады. Қыстың күні, ауа температурасы 0 °С-
дан тӛмен жағдайда батистегі судың фазалык күйі ескеріледі. Егер, 
карандашты батистке тигізгенде термометр кӛрсеткіші ӛзгерсе су 
сұйық салқындаған күйде, ал ӛзгермесе - қатты мұз күйінде болады. 
Бұл жағдайлар үшін психрометрлік таблицада жеке бӛлімдер бар. 
СТРАТОСТАТ [страто (сфера) және грек. statos – тік тұратын
қозғалмайтын] – стратосфера қабатына (11000 м-ден биік) ұшуға 
арналған аэростат. Экипажы болған жағдайда стратостаттың 
гондоласы герметикалы әрі қауіпсіз етіп жасалады. Кӛтерілу 
биіктігі мен салмағына байланысты стратостаттың сыртқы 


қоршауының кӛл. 14000 – 105000 м3-ге дейін жетеді. 
Стратосфераның ең тӛменгі қабатына ұшуға арналған стратостат 
субстратостат деп аталады. Экипажы бар стратостат стратосфераға 
20 ғасырдың 30-жылдарында кӛбірек ұшырылды. 
СТРАТОСФЕРА — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі 
биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера 
салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті 
сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты 
жоғарыдан келетін температураның тӛмендеуі тоқталады. 30 км 
биіктік шамасына дейін температура ӛзгермей 50° шамасында 
сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай 
отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. 
Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 
1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 
км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі 
қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет