Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет165/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   206
СУБДУКЦИЯ — спрединг процесі нәтижесінде континент  
жағалауларына 
жылжып 
жеткен 
мұхиттық 
литосфераның 
сол литосферақозғалысына қарсы бағытталған немесе "тыныш 
тұрған" континенттік литосфера астына қарай сұғынуы. 
Литосфералық 
тақталар 
тектоникасы 
геотектоникалық 
тұжырымдамасының негізгі тӛрт қағидасының (континенттер ығуы, 
спрединг, субдукция және коллизия) бірі болып табылатын бұл 
процеске сәйкес, тӛмен сұғынған мұхиттық литосфера мен оны 
кӛмкерген континенттік литосфераның бір-бірімен тоқайласуы 
(үйкелісі) Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын 
арнаулы құрылымдар жиынтығының қалыптасуына себепші 
болады. Белсенді мұхит жағалауларында ғана қалыптасқан мұндай 
құрылымдар жиынтығына жататын құрылымдар шұңғыл науалар 
жататын құрылымдар шеткі теңіздер.


СУБЛИМАЦИЯ (лат sublіmo – биікке кӛтеремін) – заттың
кристалдық  күйден газ тәрізді күйге ауысуы; жылудың 
жұтылуымен жүретін процесс. Сондай-ақ сублимация қатты және 
газ тәрізді фазалар қатар ӛмір сүретін температура мен қысымның 
барлық интервалында болатын буланудың бір түрі. Сублимация 
үшін қажетті энергия сублимация жылуы деп аталады. Сублимация 
жылуы мен қатты дене бетіндегі қаныққан бу қысымы мен 
температура 
арасындағы 
тәуелділік Клапейрон-Клаузиус 
теңдеуімен ӛрнектеледі. Металдық кристалдар сублимациясының 
нәтижесінде бір атомды булар пайда болады; иондық кристалдар 
буланып, 
газдық 
фазада полярлы 
молекулалар құрады; 
молекулалық кристалдар молекулалардан тұратын бу түзеді. 
Сублимацияның негізгі кинетикалық сипаттамасы –сублимация 
жылдамдығы. Сублимация жылдамдығы – уақыт бірлігі ішінде 
сублимацияланатын заттың массасы. Зат сублимациясының шекті 
жылдамдығының температура және газ тәрізді фаза қасиеттеріне 
тәуелділігі арқылы Жер маңындағы орбиталардан жерге түсетін 
ғарыштық аппараттарға жылуқорғанғыштығы үшін қолданылатын 
затты таңдауды анықтайды. Сублимация қатты заттарды тазалау 
үшін кеңінен қолданылады.
СУККУЛЕНТТЕР — сабақтары жуан да етті және жапырағында 
мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас ӛсімдіктер тобы. Жапырақта 
жиналған су қорын Ӛсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. 
Суккуленттер шӛлдер мен шӛлейттерде тараған. Мысалы, 
кактустар, сүттігендер тағы басқалар. 
СУҚОЙМА – 1) жер бетіндегі табиғи (кӛл) және жасанды 
(бӛген, әуіт) ойыстарға ағынсыз немесе баяу ағыспен жиналатын су 
кӛздері; тұрақты немесе су мол жылдары ғана толуы мүмкін; 2) 
құрлық қойнауындағы су жиналған немесе құрғап қалған су орны; 
олар табиғи су жиналатын және жасанды Суқойма болып бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет