Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУ РЕЖИМІ -с



Pdf көрінісі
бет159/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   206
СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУ РЕЖИМІ -су беті де топырақ 
сияқты инфрокызыл радиацияны жаксы жұтады. Судың 
салыстырмалы сәулешашу мүмкіндігі 0,965 тең. Су қоймалары мен 
топырактың үзынтолқынды раднацияны жүту жэне шагылдыру 
жагдайларында айырмашылык аз. Ал, қысқатолқынды радиация 
үшін су мӛлдір дене. Сондықтан қысқатолқынды радиация, әсіресе 
кӛгілдір жэне ультрокүлгін радиация судың терең қабаттарына 
дейін енеді, ягни судың бірнеше метрлік қалың қабатын 
қыздырады. Су қоймаларының жылу режимінің топырақтан 
айырмашылыгы 
мына 
себептермен 
түсіндіріледі: 
1.
Судың жылусиымдылығы топырақтың жылусиым-дылығынан 3-4 
есе артық. Сондықтан, топыракпен бірдей температурага дейін 
қызу үшін суға кӛбірек жылу қажет. 2.Су эркашан араласып 
тұрады. Сондықтан судың тӛменгі қабаттарына жылудың 
тасымалдануы топырақтікіндей молекулярлық жолмен емес,
одан да қарқынды турбуленттік араласу жолымен жүреді (1000 есе 
жылдам). Су қоймасында қабатаралық жылуалмасу күндізге жэне 
жазга қараганда түнде және қыста жылдамырақ жүреді. Себебі, 
түнде турбуленттік араласумен қатар жылулық конвекция жүреді, 
яғни судың жогаргы кабаты салқындагандықтан тығыздыгы әсіп 
ауырлайды да тӛмен түседі, ал оның орнына теменнен жылы жеңіл 
су кӛтеріледі. Күзде судың барлык кабаттарында температура 4 °С-
қа тӛмендегенде жылулык конвекция тоқтайды. Себебі ондай 


температурада тұщы судың тыгыздығы максимальді болады. Одан 
кейін судың жогаргы қабаты тез салқындап қатып қалады. 
Айтылған екі жагдайга байланысты, су топыраққа қараганда баяу 
жылып, баяу салқындайды. Ал топырақ тез кызып тез 
салқындайды. Сондықтан температураның тэуліктік тербелісінде су 
бетінің минимальді температурасы күн шыкқаннан соң 2-3 сагаттан 
кейін, 
максимумы 
15-16 
сағатта 
байқалады. 
Су 
беті 
температурасының тэуліктік амплитудасы қоңыржай белдеу 
мұхиттарында 0,2°С, ішкі теңіздерде 1 -2 С, кӛлдерде 2 -5°С, ал 
тропиктік белдеу мұхиттарында 0,5°С кұрайды. Солтүстік жарты 
шарда су беті температурасының жылдық тербелісінің максимумы 
тамыз айында, минимумы акпан-наурыз айларында байқалады. 
Мүхиттардың беткі температурасының жылдық амплитудасы 
қоңыржай белдеуде 5°-8°С, тропикте - 2°-3°С құрайды. Ішкі 
теңіздер мен ірі кӛлдерде жылдық амплитуда 20°С-дан жогары 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет