Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет174/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   206
ТЕМІРҚАЗЫҚ — Кіші Аюдағы 2-жұлдыздық шамада кӛрінетін 
жарық жұлдыз. Ол дүниенің солт. полюсіне жақын орналасқан. 
Темірқазық – үш жұлдыз. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп 
есептеледі. 
ТЕҢІЗ – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты 
жоталарымен 
бӛлінген 
және 
одан
гидрологиялық, 
 метеорологиялық, 
климаттық 
режимдерімен 
ерекшеленетін 
дүниежүзілік мұхит бӛлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері 
орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. 
Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су 
режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз 
деп шартты түрде мұхиттың ашық бӛліктері де аталады; 
мысалы, Атлант 
мұхитының Саргасс 
теңізі және Үнді 
мұхитының Арабия теңізі. Кейбір кӛлдер – Каспий, Арал, Ӛлі 
теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) 
болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің 
ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер 
мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық 
теңіздер] бӛлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген 
және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер 
Жер 
қыртысының 
аумақты 
жарылымдарының 
орнында 
(мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит 


суының құрлықтың жағалық бӛлігін басуынан құрлықтық қайраңда 
шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын 
жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне 
және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. 
Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең 
қабаттары кӛршілес мұхиттың ашық бӛлігіне қарағанда жылырақ 
(мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) 
келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (ӛзен ағыны, 
жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз 
қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып 
отырады. Балтық теңізінің ашық бӛлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ 
болса, Қызыл теңізде бұл кӛрсеткіш 41,5‰-ге дейін кӛтеріледі. 
Теңізде температура мен тұздылық кӛрсеткіштерінің шеткі 
мӛлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік 
мұхит 
үшін 
шеткі 
мағыналы 
кӛрсеткішке 
ие 
болады. 
Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ге тең. Мұхиттың ашық бӛлігінен 
теңіз суы тығыздығының ӛзгешелігі – буының маусымдық ауытқып 
отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік 
теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі 
мұхиттың ашық бӛлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай 
және кӛбіне ӛзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған. г/см3-ге 
тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 тығыздығы 1,01 
Теңіз кеңістігін және Дүниежүзілік Мұхитты пайдалану құқығын 
реттеу, оның байлықтарын пайдалану халықаралық  құқық  
нормасының күрделі жүйесімен және жеке мемлекеттердің 
заңдарымен анықталады. Оны реттеу үшін 1958 жылы 
халықаралық теңіздік  құқық кодификациясы  ӛткізіліп, Женева  
конвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы барлық
мемлекеттерге ортақ және ешбір мемлекет Мҧхит бӛліктерін ӛз 
биліктеріне бағындыруға құқығы жоқ; ашық теңізде әрбір 
мемлекеттің кеме қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядролық 
қару-жарақты сынау, 
Дүниежүзілік 
Мұхиттың 
ластануын 
болдырмау туралы, аумақтық теңізге және континенттік қайраңға 
шек қою, т.б. мәселелерге тыйым салатын кӛптеген халықаралық 
келісімдер бар. Теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған 
―Теңіздер хартиясы‖ аталатын Бӛӛ Конвенциясы жағалаудан 
бастап, 200 теңіз милін құрайтын  экономикалық аймақты белгіледі
жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық  және 
 минералдық  шикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық 


теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғылыми зерттеу мәселелерін ӛз 
қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелерконтиненттік 
қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 
жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүзілік 
Мұхит байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі 
саналады. Бұл оның планетадағы температураны реттейтін, оттекті 
бӛліп шығаратын қасиетіне байланысты. Мұхитты игеру 
минералдық, 
биологиялық,
энергетикалық, 
 кӛліктік,
рекреакциялық, экологиялық, ғылыми - танымдық бағыттарда 
жүзеге асырылады. ҰТР-ның табыстары Мұхитғы мұнай мен 
газды, темір-марганец конкрецияларын ӛндіруді одан әрі арттыру, 
теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары 
энергиясын электр энергиясынаайналдыратын алып электр ст-
ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер 
тӛсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Кӛптеген елдерде 
(Франция, Норвегия, Ресей) 
Мұхит 
суының 
тасқынын 
пайдаланатын электр станциялары жұмыс істейді. Мұхит 
жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 
80%-ы келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет