Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


Психрометрлік термометр ТМ-4



Pdf көрінісі
бет176/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   206
Психрометрлік термометр ТМ-4, будка ішіндегі (сурет 5.2 - 1,2) 
арнайы штативте вертикальді түрде бекітіледі. Резервуары дӛңгелек 
шар тәрізді, қорғаушы трубкасының басына метал қалпақша 
кигізілген, шкаласының бір бӛлімі (бӛлім бағасы) 0,2 ˚С-ға тең, 
ӛлшеу шекарасы минус 35 °С-тан плюс 55 ˚С аралығында, ӛлшеу 
дэлдігі 0,1 'С. 
Минимальді термометр ТМ-2, бақылау мерзімі аралығындағы ең 
минимальді температураны және нақты температураны кӛрсетеді. 
Ол будка ішінде горизонтальді түрде орналастырылады Резервуары 
цилиндр формалы, ішіне спирт кұйылған, шкаласының бір бӛлімі 
0,5°С-ка тең, ӛлшеу шекарасы минус 75 °С-тан плюс 31 °С 
аралығында, ӛлшеу дәлдігі 0,1 °С. Шыны трубкада спирт ішінде 
еркін қозғалатын қара түсті шыны штифт болады. Ауа 
температурасы тӛмендегенде, спирттің беткі пленкасы беттік 
керілу күші арқасында штифті тӛмен алып кетеді, ал температура 
ӛскенде спирт штифті айналып ағып ӛтеді. Осылайша штифт 
минимальді температура мәнінде тұрып қалады, ал спирт бағаны 
нақты температураны кӛрсетеді. Ӛлшеп болғаннан кейін 
термометрдің ортасынан ұстап, резервуарын жоғары кӛтеру 
арқылы, міндетті түрде штифті спирттің беткі пленкасына дейін 
әкелу керек. 


Максимальді термометр ТМ-1, бақылау мерзімі аралығындағы ең 
максимальді температураны кӛрсетеді. Ол будка ішінде 
горизонтальді 
түрде, 
резервуары 
сәл 
тӛмен 
кӛлбеу 
орналастырылады. Резервуары цилиндр формалы, ішіне сынап 
құйылған және шыны түтікшенің сынаптан жоғарғы жағы 
вакумдалган, шкаласының бір бӛлімі 0,5°С-ға тең, ӛлшеу шекарасы 
минус 20-тан плюс 70 °С аралығында, ӛлшеу дәлдігі 0,1 °С. 
Резервуарының ішінде, оның табанына жапсырылған шыны штифт 
болады. Ол штифтің ұшы шыны түтікшеге біршама кіріп 
тұрғандықтан, түтікшедегі сынаптың резервуарға кайтып кіруін 
қиындатады. Ауа температурасы жоғарылағанда сынаптың келемі 
ӛсіп, оның бір бӛлігі шыны түтікшемен қозғалады, ал температура 
темендегенде түтікшедегі сынап резервуарға кайта кіре алмайды. 
Осылайша 
максимальді 
температура 
сақталып 
қалады. 
Температураны ӛлшеп болганнан кейін термометрдін ортасынан 
ұстап (резервуары тӛменде) бірнеше рет қатты сілкіп түтікшедегі 
сынапты резервуарга қайта кіргізу керек, сонда оның кӛрсеткіші 
нақты 
температурамен 
(психрометрлік 
термометрдің 
керсеткішімен) теңеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет