Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет172/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   206
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР – жер қойнауындағы әр 
түрлі процестердің әсерінен болатын механикалық қозғалыстар 
жиынтығы. Бұл қозғалыстардың басты себебіне жер қойнауынан 
бӛлінетін 
жылу 
ағымдары 
мен 
ғаламшар 
болмысына 
тәнгравитациялық энергия, Күн мен Ай энергиясы, галактикалық эн
ергия, т.б. әсерлерді жатқызуға болады. Бұлар ауырлық күшінің 
әсері мен литосфераның астеносферағақатысты гравитациялық 
тепе-теңдікке ұмтылуымен байланысты болады. Тектоникалық 
қозғалыстар бағыт-бағдарына қарай жер қыртысы мен бүтін 
литосферадағы геологиялық құрылымдардың пайда болу, даму 
және тұрақтану процестерінде шешуші рӛл атқаратын тік және 
кӛлбеу бағытталған болып екі түрге бӛлінеді. Сол себепті 
Тектоникалық қозғалыстардың жіктелуі осы қозғалыстардың 
геологиялық 
құрылымдарды 
ӛзгертудегі 
рӛлі 
тұрғысынан 
жасалады. Тектоникалық қозғалыстар мынадай негізгі түрлерге 
жіктеледі: 
 
орогендік тектоникалық қозғалыстар – таулы белдеулер мен 
тау жүйелерінің пайда болуын қамтамасыз ететін қозғалыстар 
жиынтығы. Мұның ерекшелігі ӛзі қамтыған аймақтағы тау 
жыныстарының 
қатқабаттарын 
жаппай деформацияға (қатпарлануға) ұшыратуында; 
 
эпейорогендік тектоникалық қозғалыстар – жай және ұзақ 
уақыт бойында кӛрініс бере отырып, ірі аймақтардың кӛтерілуін 
немесе ойысуын қамтамасыз ететін қозғалыстар. Мұндай 
қозғалыстардың кӛрініс беру масштабы мен ауқымы, жылдамдығы 
менамплитудасы әр түрлі және тік бағытталған болып келеді; 
 
изостатикалық тектоникалық қозғалыстар – литосфераның 
астеносфера 
бетінде 
изостатикалық 
тепе-теңдікте 
болуын 
қамтамасыз ететін қозғалысалы Мұндай қозғалыстар кезінде 
литосфера массасының шӛгінді тау жыныстарының түзілуі, тау 
жыныстарының қатпарлануы, т.б. әсерінен ұлғайған аймақтары 
тӛмен қарай сұғынып, ал керісінше массасының азайған жерлері 
жоғары кӛтеріледі; 
 
құрлықтар дрейфі – тұтас құрлықтардың немесе олардың ірі 
бӛліктерінің 
кӛлбеу 
бағытта 
мыңдаған 
км 
жылжуымен 
сипатталатын тектоникалық қозғалыстартар. Мұны астеносфера 
аймағындағы жылу ағымдары тудырады; 


 
мұхит түбінің спредингі – мұхит түбі литосферасының үнемі 
кӛлбеу бағытта жылжып, оны базальт жабынымен жаппай 
кӛмкеретін Тектоникалық қозғалыстар; 
 
субдукция  еңістік бойымен сұғынып кететін Тектоникалық 
қозғалыстар;

– кӛлбеу бағытта жылжыған жұқа мұхиттық 
литосфераның оған қарсы бағытта жылжыған немесе тыныштықта 
тұрған қалың құр-лықтық литосфераның астына 60 
 
коллизия – бір-біріне қарсы жылжыған екі құрлықтың 
соқтығысуы нәтижесінде тау жүйелері мен таулы белдемдердің 
қалыптасуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет