Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет173/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   206
ТЕМІР ДӘУІРІ – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса 
маңыздыәлеуметтік-экономикалық, 
саяси, 
 демографиялық, 
 технологиялық 
ӛзгерістерді 
дүниеге әкелген жаңа кезең. 
Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен 
сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген 
тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. 
Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-
мыңжылдықтың 
басынан 
осы 
заманға 
дейінгі 
кезең 
арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді.
Ӛндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы 
металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз 
таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-
мыңжылдықта 
ғана темір металлургиясынқолданысқа 
кеңінен 
ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары 
жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан 
қазіргі дәуір де темірғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-
археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі 
кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар 
қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 
ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, 
яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды. 
Ерте Темір дәуірінде суғармалы егіншілікке негізделген кӛне 
шығыстық  ӛркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші 
Азия, Үндіқытай, Солтүстік Африка, тағы басқа)мемлекеттік 
жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел 
қарқынмен дамыды. Еуропада  Рим, Грек ӛркениеттері  
қалыптасып, латен, гальштат сияқты аса кӛрнекті мәдениеттер  
гүлденді. Мал шаруашылығының жаңа түрлеріне кӛшу далалық 
табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында ӛмір кешкен қола 


ғасыры тайпалары экономикасыныңдамуының нәтижесі болып 
табылады. 
 Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл 
түрінің 
негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында 
қаланды. 
Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразиядалаларында ірі тайпалық 
бірлестіктер қалыптасты. Олардың мүдделерінің қақтығысы, 
айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен 
қарым-
қатынастарының ӛзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде 
әскериленуіне әкелді. Үлкен «патшалық» обалары, яғни қайтыс 
болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер 
сияқты ӛзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар 
бірге жерленген күрделі құрылымды іріобалар тұрғызылды. Жалпы 
алғанда, далалық белдеуде ерте Темір дәуірінің соңына қарай 
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барысы, саяси 
оқиғалар мен ағымдардың тоғысы біздің заманымыз 1-
мыңжылдығының 2-жартысына қарай Түркі әлемінің түбегейлі 
тарих сахнасына шығуына алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет