құрылымдарды және олардың орналасу, даму заңдылықтарын
зерттейтін бӛлімі. Тектониканың негізін 17 ғасырда даниялық
ғалым
Н.Стенон (1638
–
1686)
қалаған.
18
ғасырда
М.В. Ломоносов пеншотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 – 1797)
жер қыртысы құрылымы дамуының алғашқы кӛтерілу болжамын
жасады. 19 ғасырдың басында бұл болжамды Германия ғалымдары
А.Гумбольдт (1769 – 1859) пен Л.Бух (1774 – 1853)
одан әрі
дамытты. 19 ғасырдың ортасында геосинклиналь туралы ілімнің
негізі болып саналатын жапсарлық (контракция) болжам (жер
шарының суынуынан кӛлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы)
дүниеге келді. Оны французгеологы Эли де Бомон (1798 – 1874)
ұсынған. Бұл болжамның дамуында үлкен рӛл атқарды. 1930
жылдардың
басында
ғалымдар
бұрынғы КСРО-ның
ұсақ
масштабты тектоникалық карталарын жасады. Терең жарылыстар
және тектоносфераның жақпарлық құрылысы жӛніндегі теория
дамыды. Геосинклиналдар мен платформалар туралы
жаңа
кӛзқарастар пайда болып, мұхит түбіне арнаулы тектоникалық
зерттеулер жүргізілді. Қазақстан
геологтары да бірнеше дәл
тектоникалық карталар жасап, терең сейсмикалық қималардың
кӛмегімен жер қыртысының құрылысы жӛнінде деректер алды.
Тектоникалық
құрылым
және
тектоникалық
қозғалыстар
тектониканың басты негіздері болып табылады. Тау жыныстары
жатысының
әр
тектілігі
тектоникалық
құрылымды
қалыптастырады. Мұндай әр тектілікке жер қыртысындағы және
одан да тереңдегі тектоникалық қозғалыстар себеп болады. Зерттеу
әдістерінің сипатына қарай тектоника бірнеше салаға бӛлінеді.
Морфологиялық тектоника немесе құрылымдық геология жер
қыртысының тектоникалық қозғалысы салдарынан қалыптасқан
құрылымдық
пішіндерді зерттеп, оларды жіктеумен айналысады.
Тау жыныстары қабаттарының және олардағы тектоникалық
бұзылыстар қалыптасуының физикалық жағдайларын анықтаумен
Тектониканың
геомеханика
тарауы
айналысады.
Аймақтық геотектоника әр түрлі тектоникалық бұзылыстардың
қазіргі жер қыртысындағы таралуын зерттеп, тектоникалық
карталарда кӛрсетілетін жеке геоқұрылымдық белдемдерді
белгілейді. Тарихи геотектоника жер қыртысының тетелес дамуын
және осы дамудың геологиялық тарихи
сатылары мен кезеңдерін
анықтайды. Мұның бір тарауы ретінде қазіргі геологиялық дәуірде
жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалыстарын саралайтын
неотектоника (ең жаңа тектоника) пәні оқытылады. Жалпы
(теориялық жәнединамикалық) геотектоника геотектониканың
барлық салалары мен ғылыми пәндері арқылы анықталған
мәліметтерді жинақтап, тектоникалық қозғалыстардың уақыт пен
кеңістікте
кӛрініс
беру
заңдылықтарын,
құрылымдар
қалыптасуының Тектоникалық режимін
және олардың бір-біріне
ауысу (мысалы, қозғалмалы белдеудің платформаға және
керісінше) заңдылықтарын нақтылап, Жер ғаламшары пайда
болуының геологиялық эволюциясын түсіндіреді. Тектоникалық
бұзылыстар пайда болуының физикалық себептерін зерттейтін
жалпы Тектониканың тағы бір саласы –
эксперименттік
тектонофизика. Тектоникада физикалық әдістер негізінде жеке
құрылымдар мен құрылымдық белдемдердің моделі жасалады, ал
оның деректері жер қыртысы мен тектоносферадағы құбылыстарды
түсіндіруге пайдаланылады. Қолданбалы геотектоника іздеу-барлау
жұмыстарын дұрыс бағыттау үшін пайдалы қазындылар
таралуының
тектоникалық
жағдайларға
байланыстылығын
анықтайды. Тектониканың бірнеше зерттеу тәсілдері бар.
Құрылымдық талдау тәсілі геологиялық картаға түсіру,
геофизикалық зерттеу, т.б. нәтижелері бойынша тау жыныстары
қатпарларын, жарылыстарды, магмалық тау жыныстарының жатыс
жағдайларын зерттей отырып, құрылымдық карталар, қималар, т.б.
жасау
арқылы
белгілі
аудандағы
жер
қыртысы
деформацияларының механизмін және жеке құрылымдық пішіндер
қалыптасуының
тетелестігін,
сол
ауданның
тектоникалық
құрылысын анықтайды. Салыстырмалы тектоника әдісі бір-бірінен
алшақ
орналасқан,
бірақ
тектоникалық
табиғаты
мен
құрылымдарының типі мейлінше ұқсас келген жер қыртысы
бӛліктерінің құрылымы мен даму ерекшеліктерін
салыстыра келе
әрқайсысына тән жалпы заңдылықтарды анықтап, ондағы пайдалы
қазындылар болу ықтималдылығын болжайды. Геофизикалық
әдістер қазіргі тектоникалық қозғалыстарды байқауға және
бұлардың Жер шарының әр жеріндегі бағыты мен жылдамдығын
анықтауға мүмкіндік береді. Геоморфологиялық әдістер теңіз, ӛзен
террассаларының, рельефтің геологиялық кезеңдердегі және қазіргі
жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижелерін саралауға
негізделген. Таскелбеттер (жер қыртысындағы) мен қабат
қалыңдықтарын талдау тәсілі жеке
құрылымдардың дамуын және
тектоникалық қозғалыстардың тарихын зерттейді. Кӛлемдік тәсіл
таскелбеттер мен қабат қалыңдықтары картасы бойынша жасы,
типі әр түрлі шӛгінділердің кӛлемін анықтау арқылы кӛтерілулер
мен тӛмендеулердің шамасын, уақыт бірлігі ішіндегі дамуын
анықтауға мүмкіндік береді. Үзілістер мен үйлесімсіздіктерді
талдау тәсілі тектоникалық дамудың жаңа сатысы басталғанға
дейін белгілі ауданның құрылымын бейнелейтін карталарды
пайдаланып, зерттелетін құрылымның
қалыптасу тарихын
зерттейді. Бұлардан басқа формацевтикалық, эксперименттік,
математикалық тәсілдер де қолданылады. Тектоника мәселелері
Халықаралық геологиялық конгрестің сессияларында талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: