Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет181/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   206
ТРОПОСФЕРА (грек. τποπόσ – бұрылыс, ӛзгеріс және συαιπα – 
шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең 
тӛменгі қабаты. Қалыңдығы жер бетінен қызған ауаның жоғары 
ӛрлеген 
ағындарының 
кӛтерілетін 
биіктігімен 
анықталады. Экваторлық ендіктерде ауа 16 – 17 км, қоңыржай 
белдеуде 10 – 11 км, полюстік аймақтарда 7 – 8 км биіктікке 
кӛтеріледі. Осы биіктіктер Тропосфераның жоғарғы шекарасын 


белгілейді. Орташа қалыңдығы 10 – 11 км. Үстіндегі
стратосферадан  жұқа  тропопауза  ӛтпелі қабатымен бӛлінген. 
Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында ауа Жердің тартылыс 
күшіне және газдардың сығылуына байланысты барынша тығыз 
орналасады. Атмосфераның бүкіл массасының 80%-ы және су буы 
түгелдей Тропосферада шоғырланған. Әр 100 м-ге биіктеген сайын 
ауаның температурасы орта есеппен 0,6С-қа тӛмендейді. Осы 
қабатта ауа райы мен климат түзуші процестер ӛтеді. Жерге іргелес 
ең тӛменгі қабатында ауаның температурасы тәулік ішінде және 
жыл бойы ӛзгеріп отырады. Тропосфера түгелдей Жердің 
географиялық қабығының құрамына кіреді. 
ТҦМАН — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су 
тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының 
сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы кӛріну 
қашықтығы оны құраушы түйіршік мӛлшеріне және бірлік 
кӛлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман 
тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін, 
су жиынтығының мӛлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды. 
Физикалық генезис бойынша тұман суыну тұманы және булану 
тұманы; пайда болуының синоптиктик жағдайына қарай: 
массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну 
тұманы ӛз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде 
пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның 
құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман 
болып бӛлінеді. Тұман кӛлік қатынасына үлкен бӛгет жасайды. 
Ғылыми-зертттеу жұмыстарында, химиялық ӛндірісте, жылу 
техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет