Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет178/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   206
ТЕХНОСФЕРА ( гр. techne — ӛнер, шеберлік, sphaira — шар ) —
адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы 
сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың 
тікелей және жанама әсері арқылы ӛзгертілген биосфера бӛлігі. 
Кейде 
бұл 
терминнің 
мынадай 
анықтамасы 
кездеседі: 
шаруашылық-ӛндірістік 
айналымдарды энергия ағыны 
мен 
заттектердің 
табиғи 
алмасуынан 
оқшаулау 
тұрғысында 
шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды  
пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык 
аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі (Дедю,1989). 
ТІКЕ РАДИАЦИЯ ағыны деп. жер бетіне Күн дискісінен және 
радиусы 5" күн аймағынан параллель сәулер түрінде келетін 
сәулелі энергияны айтады. 
ТОЗАҢДЫ ТАЛДАУ (Палинологический (спорово-пыльцевой) 
анализ; гр. palynel — жука қабатты шаң-тозаң, logos — ілім ) —
 геологиялық географиялықзерттеулер 
(стратиграфия, палеогеография, геоморфология, океанология, архео
логия, гляциология, тағы басқа) кезінде кең қолданылатын 
палеоботаникалық  
әдістердің 
бірі. 
Бұл 
әдістің 
әсіресе 
палеофлористика үшін мәні зор. Атап айтқаңда, әр түрлі 
ботаникалық-географиялық белдемдердің (тундраның, тайганың, 
даланың, 
шӛлдің, 
саванналардың, 
тағы 
басқа) 
қазіргі 
заманғы ӛсімдіктерінің шығу тегін және қалыптасуын айқындауда 
қолданылады. Тозаңды талдаудың зерттеу объектілеріне жер беті 
ӛсімдіктсрінің микроскопиялық қалдықтары — тозандары мен 
споралары жатады. Ӛсімдіктер органдарында кӛп мӛлшерде дами 


отырып тозаңдар мен споралар пісіп жетілгенде сыртқа тӛгіледі де, 
ӛндіруші 
ӛсімдіктің 
айналасындағы 
дәуір 
қашықтыққа 
таралады. Топырақ бетіне немесе суқоймаға түсіп, қабықшасының 
ерекше тұрақтылығынан тозаңды дӛндер кәміліп қазынды күйге 
ӛтеді. Бұл әдістің иегізін академик В.Н.Сукачев (1880-1967) қалады. 
Споралы-тозаңдық әдіс палеогеографияда, әсіресе, ӛткен дәуірдің 
палеоклиматы мен палеоландшафтарын зерттеу үшін кең 
колданылады. Мұның қазіргі заманғы бір сыпыра экологиялық 
проблемаларды 
(кӛшетхана 
эффектісін, 
ормансыздануды, 
шӛлденуді, тағы басқа), сондай-ақ қоршаған ортаның ұзақ 
мерзімдік географиялық болжау проблемасын шешу кезінде 
маңызы зор. 
ТОЛҚЫН — ай мен күннің тартылыс 
күштерінен, 
желдің 
әсерінен, атмосфералық қысымныңауытқуларынан, су асты жер 
сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме 
қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы 
ортаның тербелмелі қозғалысы. 
ТОПЫРАҚ СУЫ жер беті маңында орналасып, топырақтағы 
қуыстарды толтырады. Әдетте бүл су гигроскоп, жарғақ немесе 
қылтүтік түрінде болады. Топырақ суының режимі ӛте тұрақсыз, 
яғни маусымдык температура ауытқуына тэуелді. Су жаз кезінде 
топырақ ысыса толық буланып кетеді, қыста қатып қалады, ал 
жауынды мерзімдерде топырақты мол қанықтырады. Шӛлейт 
алқаптарда топырақ суы жартылай булану нәтижесінде тұздарға 
канығып, аса минералдыға айналады. Топырақ суы толық буланып, 
тұздаркристалданған кезде сортаңдар мен сорлар жаралады.
ТОРНАДО — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ 
болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа 
ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен 
басым бӛлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, 
әсіресе Миссисипидің орта ағысында кӛбінесе кӛктем мен жаз 
айларында жиі болып тұратын кӛлемі кіші, бірақ әжептәуір күші 
бар дауыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет