жоталары кӛп. Күшті толысу ағыстары ӛтеді. Бұғазды ашқан испан
теңізшісі Л.Торрестің құрметіне аталған.
ТӚБЕ – археологияда ежелгі
қоныстар
мен
ортағасырлық
қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды
биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан
мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай тӛбелер үйлердің жарамсыз
бӛлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше
дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен
ӛзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт тӛбелерге әр түрлі ат
беруі мүмкін. Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін
Ақтӛбе, Қаратӛбе, Алтынтӛбе, Күлтӛбе, Тӛрткүлтӛбе, Жуантӛбе
деп келетін кӛптеген тӛбелер бір кездегі мекендердің орындары.
Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне
қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартӛбенің
биіктігі 18 м-ден астам. Осындай тӛбелердің кӛпшілігі жазба
деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі
анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтӛбе, Қарашық
қаласының орны – Тӛрткүлтӛбе, ежелгі Сауранның орны –
Қаратӛбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де
тӛбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітӛбе, Мыңтӛбе, Бестӛбе,
т.б. Мұндай Тӛбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары
болады. Бұл Тӛбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба
жұмыстары жүргізілмеген тӛбелерді тегістеуге, оның үстінен жол
жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған.
Достарыңызбен бөлісу: