Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ТРЕТЬЯКОВ ЖАУЫН ӚЛШЕГІШІ -



Pdf көрінісі
бет180/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   206
ТРЕТЬЯКОВ ЖАУЫН ӚЛШЕГІШІ - екі жауынжинағыш 
ыдыстан, желқаққыштан және ӛлшегіш стаканнан тұрады. 
Жауынжинағыш ыдыстың қабылдау ауданы 200 см
2
, биіктігі 40 см 
болады. Желмен үрленіп және буланып кетпес үшін ыдыстың ішіне 
конусты диафрагма жапсырылған. Оган жазғы маусымда воронка 
кигізіледі. Ыдыстың беткі ернеуі жерден 2 м биікте орналасады. 
Жауынӛлшегіштің 
желқаққышы 
бір-біріне 
шынжырлармен 
жалғасқан 16 трапеция сипатты иілген планкадан тұрады. Бұл 
желқаққыш ыдыстың айналасында болатын ауа иірімін ӛшіреді. 
Жауын мӛлшері біздің аймақта тәулігіне 2 рет - 7°° және 19°° 
сағатқа жақын бақылау мерзімдерінде ӛлшенеді. Станциядағы 
жауынжинағыш ыдыс қақпақпен жабылып метеоалаңға апарылады 
да, однағы ыдыспен ауыстырылады. Ауыстырылған ыдысқа қақпақ 
кигізіліп метеокабинетке әкелінеді де, оның ішіндегі жаңбыр суы 
(қар болса еріген соң) ӛлшегіш стаканға құйылып ӛлшенеді. 


Ӛлшегіш стаканда 100 бӛлім сызығы бар. Шкаланың бӛлім бағасы 
2 см
3
-қа тең. Ол 200 см
2
қабылдау ауданына сәйкестегенде 0,1 мм 
су бағанына тең болады, ягғни шкаланың 1 бӛлімі 0,1 мм-ге, 10 
белімі 1 мм-ге тең. Қатты күйдегі жауынды эдейі ысытып ерітуге 
болмайды, ол булануға әкеп соғады. Ӛлшенген жауын мӛлшері 
арнайы түзету енгізілгеннен кейін КМ-1 кітапшасына тіркеледі. 
Жауын суының жауынжинағыш ыдысқа жағылуына байланысты 
енгізілетін аспаптық түзету мәндері мынадай: мӛлшері 0,1 мм-ден 
жоғары қатты жауын үшін - + 0,1 мм; мӛлшері 0,1 мм-ге дейінгі 
сұйық және аралас жауын үшін - +0,1 мм, ал мӛлшері 0,1 мм-ден 
жоғары болса - +0,2 мм. 
ТРИАНГУЛЯЦИЯ (лат. traіngulum – үшбұрыш) — геодезиялық 
тірек пункттер (нүктелер) торын құру әдістерінің бірі және осы 
әдістермен жасалған сол тордың ӛзі. Ол бір-бірімен жалғасып 
жатқан үшбұрыштар жүйесінен немесе тордан құралады. 
Триангуляцияда берілген координаттар жүйесінде үшбұрыштар 
тӛбелерінің орны анықталады. Ол үшін бастапқы үшбұрыштың 
қабырғасының біреуі жүргізілген ӛлшеулер нәтижесі бойынша 
есептеледі және әрбір үшбұрыштың үш бұрышы ӛлшенеді. Егер 
бастапқы үшбұрыштың қабырғасы тікелей ӛлшеулер арқылы 
анықталса, онда ол базистік қабырға деп аталады. Триангуляция 
тәсілі Жер пішіні мен мӛлшерін анықтау, жер қыртысының 
горизонталь қозғалыстарын зерттеу; әр түрлі топографиялық 
түсірулер мен геодезиялық жұмыстарды негіздеу, т.б. үшін кеңінен 
қолданылады.  
ТРОМБ (фр. trombe, итал. tromba — қарақұйын, сӛзбе-сӛз — 
құбыр) — найзағайлы бұлт астында, құрлық үстінде қалыптасатын 
ӛте күшті құйын. Тромб диаметрі ондаған м-ге жетеді. Тромб 
желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені 
жүздеген 
м-ге 
жетуі 
мүмкін. 
Ауа 
райы 
ыстық 
кезде атмосфераның тұрақсыз 
стратификациясы 
кезінде 
қалыптасады, АҚШ-та торнадо деп аталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет