Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет203/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   206
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕ, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының 
қоректену, ӛсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету 
кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи  қалыптасқан жүйесі.
Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі 
табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. 


Экожүйенің 
құрылымын энергияны трансформациялаудың үш 
деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты 
және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері 
оның құрамына кіретін ӛсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне 
байланысты. Әр түрлі экожүйелерде ӛсімдіктің  күн  энергиясын,
минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мӛлшерде 
жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, 
ӛзгеріп 
отыратын 
кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын 
экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын 
экожүйелерді қанықпаған деп атайды. 
ЭКСПЕДИЦИЯ (лат. ехpedіtіo – тәртіпке, ретке келтіру) – 1) Ресей 
империясындағы кейбір мемлекеттік мекемелердің немесе олардың 
бӛлімдерінің атауы (мыс., Сенаттың құпия экспедициясы, 18 ғ.); 2) 
кӛлік экспедициясы шартынан туындайтын азаматтық-құқықтық 
қатынастар; 3) құ-жаттарды, материалдарды, т.б. салып жіберумен 
айналысушы ұйымның құрылымдық бӛлімшесі немесе осындай 
ұйымның ӛзі. Тарбағатай. Климаттың континенттігі ауданның кӛп 
жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып
жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан 
климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден 
ӛте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, 
климатқа аудан территориясының және кӛршілес жатқан 
аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы 
суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, 
+ 35 С. Жылдық жауыннын орта мӛлшері 200-300 мм. Жауын 
шашынның кӛбі қыста түседі. Оңтүстік Шығыстан Солтүстік 
батысқа дейінгі орталық бӛлігі ашық сарғылтым топырақ 
қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен 
ерекшеленеді. Аудан жерінің кӛпшілік бӛлігі жазық. Зайсан қазан 
шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр 
топырақты жерлерде жусанды – соран ӛсімдіктер, ал Зайсан кӛлінің 
жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар 
мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық 
тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шӛп 
ӛседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен ӛсімдіктер белдеулері бар 
1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара 
топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 
м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда 
суальпілік және альпілік шалғындар ӛскен таулы зонасы бар. 


Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бӛлігіндегі ойыс. 
Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары 
аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 
125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі кӛл 
тасқындарының аллювалдық шӛгінділерінен түзілген. Қазан 
шұңқыр таудан ағатын ӛзендермен, сай – жырлармен тілімделген 
ойыстан шӛл және шӛлейт жерлері жайылымға пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет