АУА МАССАЛАРЫНЫҢ ШЫҒЫСТАСЫМАЛДАНУЫ - 1)
тропиктер- пассаттар немесе
полюстік ендіктер - әсіресе
Антарктида маңындағы мұхит, ауаның шығыстан батысқа қарай
тасымалдануы; 2) 20 км-ден жоғары бүкіл "жазғы" жарты шарімен
ӛтетін ауаның шығыстан барайғы жазғы тасымалдануы
АУА РАЙЫ — атмосфераның жергілікті
жердегі белгілі бір
уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын
құбылмалы жағдайы. Ол кӛбіне атмосф-ның тӛменгі тропосфера
қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н ӛзгертетін негізгі
процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф.
процестер бір-бірімен
тығыз байланыста болады, сондықтан жер
бетіндегі А. р-ның ӛзгеру себептерін білу үшін атмосфераның
жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. ӛлшемдермен
(температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық,
атмосфералық
жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман,
найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның
ӛзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның кӛп
жылдық режимі климат деп аталады.
АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ – атмосфера-ның жылулық күйін
сипаттайтын метеорологиялық ӛлшемдердің бірі. А. т. метеорол.
ст-ларда жерден 2 м
биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы
үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда
аспирациялық термометрімен ӛлшенеді. А. т. ауа райына
байланысты үнемі ӛзгеріп отырады. Жер шарында А. т-ның
таралуы – Күн радиациясының жер
бетіне жетуіне және сіңуіне,
жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы
атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең тӛм.
темп-ра Антарктидада («Восток» ст-сында – 89,2°С), және
Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. темп-ра (58°С) әл-Әзизияда
(Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғ. шекарасында (12
км) темп-ра – 70°С-қа дейін тӛмендейді. Ал стратосферада (13 – 50
км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа темп-расы
5°С-қа дейін кӛтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда темп-ра тӛмендейді.
Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5 –
0,7°С-қа тӛмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат
15-те, ең тӛм. нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин ӛткен кезде
байқалады. Қазақстанда қаңтардың
орташа темп-расы солт-те
(Петропавл
қ.) – 19С, оңт-те (Шымкент қ.) – 4°С.
Республикамыздың шығысында (Марқакӛл кӛлі маңында) қыстың
кейбір күндері ауаның темп-расы – 55°С-қа тӛмендейді. Шілде
айының орташа темп-расы Қазақстанның кӛпшілік жерінде ең жоғ.
темп-ра 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: