Б
БАЗАЛЬТ – қоңырқай түсті эффузивті магмалық тау жынысы.
Құрамындағы кремнийдиоксидінің (SіО2) мӛлшері бойынша (42 –
55%)
негізді
жыныстарға
жатады.
Базальттың
жер
қойнауында кристалданған тектесі – габбро. Негізді плагиоклаз
(әдетте
лабродор
немесе
битовнит),
авгит,
оливин минералдарынан тұрады,
кейде
магнетит
және
ильменитминералдары кездеседі.
Базальт мұхит түбін,
құрлықтардағы
платформалық
құрылымдардың
ауқымды
аймақтарын (ауданы мыңдаған шаршы км-мен ӛлшенетін трапп
бүркемелері) кӛмкеріп жатады, қатпарлы құрылымды ӛңірлерде де
жиі ұшырасады. Базальт бетонӛндірісінде, құнды құрылыс және
безендіру материалдары ретінде қолданылады.
БАЛҚАШ – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
тұйық
кӛл.
Аумағы
жӛнінен Каспий,Арал теңіздерінен
кейінгі
үшінші
орында. Алматы,
Жамбыл, Қарағандыоблыстарының
шегінде,
Балқаш-Алакӛл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам,
ені шығыс бӛлігінде 9 – 19 км, батыс бӛлігінде 74 км-ге жетеді.
Суының кӛлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500
мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м.
Балқаштың батыс бӛлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-
ын береді), шығыс бӛлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу
(0,43%) ӛзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягӛз, Бақанас,
Тоқырауын, Жәмші,Мойынты, т.б. ӛзендер әдетте кӛлге жетпей
сарқылады. Кӛлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы
тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып
келеді және кӛптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік
жағалауы
–
суы
біртіндеп
тартылған
кезде
жиналған
шӛгінділерден пайда болған құмды ойпат. Кӛлдің кӛптеген
шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал,
Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан
белгілі. Кӛлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс
картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл
Сібір жері мен қалаларының сызбалары»(«Чертежи всех сибирских
городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз»деген атаумен
кӛрсеткен. 18 ғасырдың басында кӛлде геодезиялық ӛлшеу
жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және
швед
картографы Иоганн
Ренаттың (Жоңғарияның картасын
жасаған)
карталарында
бейнеленді. Пауль
Рихтгофен (1877)
мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы
деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван
Мушкетов,
Лев
Берг,
т.б.)
ат
салысты. Қазақтың ұлы
ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған.
1920 жылдан бастап Балқаш кӛлін кешенді зерттеу басталды,
кӛптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Кӛлдің экологиялық
жағдайын, суының химиялық құрамын, ӛсімдік, жануарлар
дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен
1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының
институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты,
Қазақ
ххгидрометеорологияъъ
ғылыми-зерттеу
институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл
жұмыстардың нәтижесінде кӛлдің табиғи орнықтылығын сақтап
қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы
жүзеге асырылып, кӛл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Кӛл шӛл
және шӛлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа
температура –15 – 17
0
С, шілденің орташа температурасы 24
0
С.
Жауын-шашынның кӛп жылдық орташа мӛлшері 120 мм. Ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа
жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел кӛлдің батыс бӛлігінде кӛбінесе,
солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы
себепті кӛлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа
райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Кӛл
беті кӛбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы
ериді.Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы
мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз
кӛтеріледі. Кӛп жылдық су деңгейі тербелісінің мӛлшері үш
метрден асады. 20 ғасырда Балқаш кӛлінің деңгейі 1908 және 1961
жылы кӛтеріліп, 1946 және 1987 жылы тӛмендегені байқалды. 1970
жылдан бері Іле ӛзені бойында Қапшағай бӛгенінің салынуына
байланысты кӛлдің табиғи гидрологиялық режимі кӛп ӛзгеріске
ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы кӛл. Суының химиялық
құрамы
кӛл
алабының
гидрографиялық
ерекшеліктеріне
байланысты. Кӛлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты
екіге бӛледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-
бірінен ӛзгеше батыс және шығыс бӛліктері ені 3,5
км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен
тұздылығы бұл екі бӛлікте екі түрлі. Кӛлге ағып келетін судың
негізін Іле ӛзені құрайтындықтан, батыс бӛлігінің суы тұщы (0,5 – 1
г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бӛлігінің суы тұздылау (5 –
6 г/л), түсі кӛгілдір, ашық кӛк. Балқаш фаунаға бай. Кӛл
түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян
тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бӛлігі планктонға бай. Кӛлде
балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден кӛлдің
ӛзінде ӛскен балықтар ( Іле, Балқаш кӛкбасы, Балқаш алабұғасы,
т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген ( карп, аққайран, шип,
кӛксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) –
сазан, кӛксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Кӛл суы
жағалауындағы ӛнеркәсіп орындары ( Балқаш кен-металлургия
комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады.
Жылы мезгілде Балқашта су кӛлігі қатынайды. Басты
айлақтары: Балқаш,
Бурылбайтал,
Бӛрлітӛбе. Балқаш
–
Қарағанды облысындағы
қала, Мойынты – Ақтоғайтемір
жол
бойындағы станса, Балқаш кӛліндегі пристань.
Достарыңызбен бөлісу: |