Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет23/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   206
АУМАҚ - құрлық бетінің ӛзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның 
карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар 
бӛлігі. 
Ресурстардың 
ерекше 
түрлерінің 
болуымен 
— 
орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, 
табиғи ландшафтының ӛзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу 
дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рӛлін атқару 
қабілеттілігімен сипатталады. 
АУЫЛ — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан 
қауымдастық. Қазақ халқындағы ―Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі 
— тірлік‖ деген мақал ауылдың этникалық, экономикалықжәне 
рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен 
кӛшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. 
Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл 
қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды 
тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, 
қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде 
негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс 
дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне 
жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен 
Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін ӛлім жазасына кесілген. Мұны 
басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. 
Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. 
Осындай 
некелік 
қатынастар 
аралары 
жүздеген-мыңдаған 
шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. ―Құда 
— мың жылдық‖ деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде 
диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы 
ынтымақтастықтың артуы этностық тұтастықты нығайтып, бүкіл 
ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды (―Қарға тамырлы 
қазақ‖). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық 
тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау 
тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-
ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке 
меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай 
ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде 
табыс кӛзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та 
бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы 


сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында. Екіншіден, 
ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі 
мәселелерді ауылдың беделді адамдары — ақсақалдар мен билер 
реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылына 5 — 6 түтіннен 10 — 15-ке 
дейін шаңырақ құрған. Бұл ортақ шаруашылық жүргізу мүддесіне 
байланысты пайда болған. Кӛп малды бір жерде шоғырландырып 
ұстау шаруашылық үшін тиімсіз. Қазақ ауылын үлкен отбасылық 
патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды. Себебі, 
мүмкіндігі бар адамдар ер жеткен балаларына енші беріп жеке 
шығарған ауылдан ауыл бӛлініп, кӛрші орналасқан. Кенже ұл 
әкесінің, ―қара шаңырақтың‖ мұрагері болып есептелген.
Әрбір 
ауыл кӛшпелі мектеп, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) 
ұстаған, кілем, алаша, басқұр, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, 
зергерлік, ұсталық ететін қолӛнершілер болған. Ауыл ән мен 
күйдің, ӛлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер 
сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, 
халық ӛнерінің нағыз бастауы болды. Қазақ ауылнда үйлер алқа-
қотан тігіледі, мал қоралау, ӛргізу үшін, ауылдың бір жақ шеті 
ашық қалдырылады. Ауыл кӛрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған
жылқы, маңыраған қой, боздаған бота, желіде тізілген құлын, 
кӛгенделген қозы-лақ, асыр салған құлын-тай болып келеді. Ауыл 
маңында міндетті түрде бұлақ жемесе құдық, оның басында қауға, 
үлкен ағаш науа болады. Ауылдың кӛшіп-қонудағы басты мақсаты 
— мал тойындыру. Қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, ӛріс 
жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады. Қазақ 
жылдың тӛрт маусымын ӛрісінің сонылығына, судың молдығына 
қарай: ӛре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, 
миялы т.б. жіктеген. Табиғи апаттар (қуаңшылық, жұт, індеттер), 
әлеум. және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-
тайпа аралық тартыс, елдік бірліктің әлсіреуі т.т.) адамдық 
топтасудың бұл түрін күрт ӛзгерген ортада дәрменсіз етті. 19 
ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін 
күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (ресейлік) қысымға 
шыдай алмады. Осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени 
дағдарыс кӛріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады. 
1856 — 68 жылдары жүргізілген әкімшілік реформаның 
нәтижесінде қазақ жеріндегі ауылдық басқару болыстық жүйемен 
алмастырылды. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамның ӛзіндік 
реттеу тетіктерін жойып, сырттан таңылған жүйеге кӛшуіне әкеп 


соқты. Қазақ ауылы отарлық типінің мал ӛнімдерін ӛндіретін 
шикізаттық ұжымдарына айналды. Қазан тӛңкерісіне (1917) дейін 
қазақ жеріндегі кӛшпелі ел мен отырықшы халық мекендерінің 
типінде үлкен айырмашылық болатын. Кеңес ӛкіметінің кезінде 
кӛшпелі ауылдарды жаппай отырықшылыққа бейімдеп колхоз, 
совхоздарға біріктірді. Бұл қазақ ҚР ауылдарын зор, қасіретке 
ұшыратты. 
Ауылдың 
қоныс 
жүйесі 
ретінде 
қаладан 
айырмашылығы — тұрғындарының орналасу тығыздығы тӛмен 
және саны аз. Еңбек және демалыс түрлері ӛзгеріске аз ұшырайды. 
Мұндағы еңбек табиғат ырқына, яғни жыл мезгілдерінің ауысып 
отыруына 
негізделген. 
Қаламен 
салыстырғанда 
ауыл 
тұрғындарының жұмыспен қамтылу дәрежесі тӛмен, бірақ кәсіп 
пен тұрмыстың мазмұндық бірлігі жоғары; еңбек ету жағдайлары 
ауыр, инфрақұрылымы нашар дамыған. Ауылдағы жанұялар 
әлеуметтік 
және 
ұлттық 
жағынан 
біртекті 
болып 
келеді. Әлеуметтік бақылау дәрежесі қаламен салыстырғанда 
жоғары, себебі адамдардың ӛзара қарым-қатынастары әдет-
ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге қатаң негізделген. Отырықшылану 
кезінде тарихи қалыптасқан кӛшпелі ауылдар жүйесі біржола 
бұзылып, оның отырықшы жаңа елді мекендер бойынша топтаса 
қоныстануы пайда болды. Осы шағын елді мекендер (олардың 
ішінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтындары да) ауыл атала 
бастады. Социалдық жоспарлы экономиканың күйреуі, оның 
орнына жаңа нарықтық экономиканың ірге тебуіне байланысты 
тұрғын жұрттың қалаға кӛші-қонының күшеюі салдарынан ауылдар 
саны азаюда. Қазақстанда 1997 жылы ауылдардың жалпы саны 
8172, оның ішінде 1 мыңнан астам адам қоныстанған ауылдар 1624 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет