АЭРОСТАТ (аэро... және грек. statos — тұрған, жылжымайтын) —
ауадан жеңіл ұшу аппараты. Оның кетерілу күші қабыққа
(баллонға) үрленген, атмосфералық ауаға қарағанда жеңіл газ
(сутегі, гелий, жылытылған ауа) арқылы жасалады. Аэростат еркін
ұшатын (басқарылатын немесе басқарылмайтын) және байлаулы
болып бӛлінеді. Басқарылатын Аэростатқа дирижабльдер жатады.
Соғыс мақсаты үшін еркін ұшатын (экипажбен ұшатын, автоматтық
радиозондтар, ұшкышшарлар және т.б.) және байлаулы
Аэростаттар, атап айтқанда, артиллерия атысын дәлдеу, әуе
кедергілерін
жасауға
арналған
аэростаттар
қолданылады.
Стратосфераға
ұшыру
үшін
қолданылатын
аэростатты стратостаттар деп атайды.
Ә
ӘЛЕУМЕТТІК
ГЕОГРАФИЯ
-
адамдар
ӛмірі
ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең
алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның
дамуы мен адам ӛмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан
зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.
Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл
адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың
әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың
дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, ӛндіріспен және
коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық
қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық,
мамандық және баска белгілері бойынша бӛлінетін осы
қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының
кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары
ӘМУДАРИЯ – Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол
ӛзен.Пяндж және Вахш ӛзендерінің
қосылған
жерінен Әмудария(ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп
аталады.Ұзындығы
1415
км (Пяндж
ӛзенінің
бастауынан
есептегенде 2540 км), алабының ауданы 309 мың км2. Әмудария
Гиндукуштың солтүстік беткейінен бастау алады. Негізгі
салалары: Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Кафирниган,Сур
хандария, Құндыз, Шерабад. Жазыққа шыққаннан кейін 1100 км
бойы Тұран ойпатының шӛлді аймағын басып ағады. Бұл бӛлігінде
ӛзенге бір де бір сала қосылмайды. Арал теңізіне құяр жерінде
тарамданып (Талдық, Қазақдария, т.б.) кетеді де зор ауқымды
атырау (7000 км2) құрайды. Ағыны таудағы мұз бен қар суынан
түзіледі. Ӛзен кӛктем мен жазда тасиды және ӛте лайлы болып
келеді. Ең тӛмен деңгейі қаңтар мен ақпан айларына келеді.
Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м-ге дейін барады. Булануға,
сіңуге
және
жер
суаруға
пайдалануына
байланысты Нӛкістің тұсына барғанда ағын 40%-ға азаяды. Тӛменгі
ағысында 2 – 2,5 ай қатады. Арнасы жұмсақ тау жыныстарынан
құралған. Әмудариядан Қарақұм, Әму – Бұхара, Қаршы каналдары
бастау алады. Тӛменгі саласында балық шаруашылығы дамыған.
Чарджоу қаласы тұсынан бастап кеме жүзе алады. Әмудария
бойындағы ірі қалалар: Термез, Керкі, Нӛкіс. Ӛзен аңғарындағы
Қызылқұм және Әмудария қорықтарындақабан, шиебӛрі, қоян,
қырғауыл, Бұхара елігі,
қарақұйрық,
т.б.
сирек
кездесетін
жануарлар мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |