жүйесі полюсінің калпы бойынша азимуттық проекциялар
қалыпты, кӛлденең және қиғаш болып бӛлінеді. Қалыпты
Азимуттық проекцияларда параллельдер мен меридиандар
концентрлік шеңберлер мен түзулер түрінде бейнеленеді.
Бұрмаланулар сипаты бойынша азимуттық проекциялар әр түрлі
болады.
Азимуттық
проекциялардың изоколдары аль-
мукантараттармен
сәйкес
келеді,
соңдықтан
Азимуттық
проекцияларды дӛңгелек пішінді аумақтардың карталары үшін
қолданылады.
АЗИМУТЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТЫ ҚИМА ҚИСЫҒЫНЫҢ
РАДИУСЫ - әдетте Ял арқылы белгіленеді және эллипсоид бетінің
берілген нүктесінің геодезиялық В ендігі мен осы нүктедегі
қалыпты қиманың А азимутының мынадай
функциясы болып
табылады: меридиан қисықтығының және В ендігі бойымен бірінші
вертикальдың радиустары; — меридиандық эллипстің екінші
эксцентриситетінің квадраты.
АЛЬПІ, АЛЬПІ ТАУ ЖҤЙЕСІ - Еуропадағы ең биік таулар. Ол –
Жерорта
теңізініңсолтүстігінде Легури теңізі жағалауынан
Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп
жатыр; доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге
жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең
биік нүктесі – Монблан шыңы (4807 м). Альпі (кельтше – alp биік
тау, ежелгі түркі тілінде –
алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі
жоталар мен тау сілемдерінен тұрады. Сілемдер аралығын Рона,
Рейн, Бодо – Комо тау аңғарлары бӛліп жатыр. Тас және темір
жолдар ӛтетін Сен-Готард, Симплон, Миоан-Ромодоссола, Бриг –
Лозанна, Үлкен Сен-Бернар (2400 м) туннельдері аймақтағы
бірнеше мемлекетті байланыстырады. Тау жүйесі
орографиялық
жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бӛлінеді. Олардың
арасындағы шартты шекара солтүстігінде Боден кӛлінен,
оңтүстігінде Комо кӛліне дейінгі тектоникалық аңғармен ӛтеді.
Батыс Альпінің сырт жақ беткейі кең әрі біршама жайдақ, ал ішкі
жақ беткейі жарқабақты болып келеді. Тау жүйесінің ең биік
шыңдары (Монблан, Монте-Роза, Пельву) осы бӛлігінде
орналасқан. Тау жүйесінің орталық торабына альпілік жер бедері
тән. Ландшафтысында биіктік белдеулер айқын байқалады. Тау
етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м)
климаты қоңыржай және ылғалды.
Бұл белдеулер жалпақ
жапырақты ормандармен кӛмкерілген. Түлкі, қасқыр, бұғы, тиын,
жабайы мысық кездеседі. Жаз айларының орташа температурасы
10 – 15ӘС, қыста -4 – 8ӘС. Субальпілік белдеудің (2300 метрге
дейін) климаты суық, желі қатты болады, қары қалың түседі. Тау
беткейлері тік жарлы. Белдеуде биік таудың бұталы және
шалғынды ӛсімдіктері ӛседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады, жазы
қоңыр салқын әрі қысқа. Одан
жоғары биік таулы альпілік
белдеудің (2500 – 3000 м) климаты қатал, біршама құрғақ. Онда
қоңыраубас, қоғажай, кӛкнәр, т.б. ӛсімдіктер ӛседі. Одан әрі
нивальдық белдеу орналасқан. Бұл белдеу тасты, мұзды болып
келеді. Альпіде антропоген дәуірінде 4 рет мұз басу болды.
Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км2, 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы
мұздықтар бар. Тау жүйесі альпілік қатпарлану кезінде түзілген.
Қатпарлану жүйесінің негізі кембрийге дейінгі кристалды
жыныстардан (гнейс, слюдалы тақтатас)
және жоғары протерозой
мен тӛменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан тұрады.
Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық
эрозиясы үлкен рӛл атқарған. Кен байлықтары: темір, мыс
кентастары, қоңыр кӛмір, тұз. Солтүстік Батыс бӛлігіндегі
жоталарда жылына 1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы
кӛбіне бұлтты, тұманды болып тұрады. Ішкі жоталарда,
қазаншұңқырлар мен аңғарларда жауын-шашын 1000 мм-ден аз.
Альпі – Батыс Еруопаның аса үлкен су торабы. Ӛзендер ӛте кӛп.
Олар қар, мұз, жаңбыр суымен толығады. Аса ірі ӛзендері: Рона,
Рейн, По. Кӛлдері: Боден, Цюрих, Комо, т.б. Топырақ
жамылғысында негізінен орманның қоңыр түсті топырағы, күлгін
және таудың сұр топырағы басым.
АҒЫН - табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың
жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны
болып екіге бӛлінеді: беткі ағын ӛз алдына беткейлік және арналық
болып ажыратылады. Ағын мӛлшері
және режимі жауын-
шашын мен булану мӛлшеріне, ауа температурасы, жер бедері,
геологиялық құрылысы, топырақ пен ӛсімдік сипатына байланысты
қалыптасады. Ағынның келесі екі мағысы бар: ӛзендегі немесе ӛзге
де су арналарындағы сумассасының кӛлденең
кеңістікті
түгел
қамтитын қозғалысы; жалпы қозғалысты бейнелейтін түсінік
(мысалы, су ағыны, ауа ағыны, т.б.). Ағын аймақтың климат
жағдайына тәуелді. Ағынның жалпы шамасы – су
шығымы, ағын
модулі, ағын коэффициенті және ағын су қабатының қалыңдығы
деп аталатын элементтер арқылы анықталады.