Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет7/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   206
АНТАРКТИКА – Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. 
Антарктиканың (грекше antі – қарсы, arktіos – солтүстік) табиғи 
шекарасы ӛте айқын байқалады. Ол дүниежүзілік мұхиттың беткі 
суларының біршама жылы және керісінше мейлінше салқын 
бӛліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену 
белдемі арқылы ӛтеді. Бұл шекара негізінен 48 – 60Ә оңтүстік ендік 
аралығында 
орналасқан. 
Поляр 
аймағын 
алып 
жатқан 


Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. км2. Оның құрамына 
бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Антарктида құрлығы 
мен оған жалғас жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, 
Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичевтер, Оңтүстік Георгия, 
Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын 
шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – 
Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының антарктикалық бӛлігі енеді. 
Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, 
Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэделл және Росс 
теңіздерінің елеулі бӛлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс 
кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық 
мұхит айдынында 50Ә оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 
млн. км2 болады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1,5 – 2 м-ге 
жетеді, кӛп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика 
Арктикамен 
салыстырғанда 
табиғатының 
қаталдығымен 
ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан 
(89,2ӘС). 
АНТИКЛИНАЛЬ, АНТИКЛИНАЛЬДЫҚ ҚАТПАР - тау 
жынысы қабаттарының жоғары қарай доғалана қатпарлануы. 
Антиклинальдің орта шенінде ескі, ал қанаттарында кейінгі 
жас қабаттар орналасады 
АНТИКЛИНАЛЬ - Шӛгінді, 
 эффузивті 
немесе 
 ӛзгерген
жыныстар  бірлестігіне тән қат - қабаттардың ӛзара астасу пішіні. 
Жымдасқан 
қойнауқаттар 
жиынтығының 
бірлесе 
иілуі 
нәтижесінде антиклинальды қатпарлар дӛңес пішіндер тузеді. 
Катпардын ӛзегін, яғни оның ішкі ӛңірін құрайтын қабаттар сыртқы 
ӛңірдегі яки қатпар қанаттарындағы жыныстардан  кӛнелеу болуы 
шарт. Қақтылы қатпардың иілу нуктесі қатпар құлпы деп аталады, 
ал осы қатпар жүйесінің құлыптары орналасқан нүктелерді жазық 
бағытта ойша қосқан жағдайда пайда болатын шартты сызық 
қатпар айдары деген атауға ие. Синонимі - антиклинальды қатпар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет