Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет4/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   206
АҒЫН МОДУЛІ - су жиналатын алаптың 1 км
2
жерінен 1 с-та 
жиналатын ағын кӛлеміне тәуелділігі. Су шығынын су жиналу 
ауданына болу арқылы есептеледі; әдетте л/с кмг немесе м/с кмг-
мен ӛлшенеді. Ағын модулі кез келген кезең үшін: 1) ӛзен 
ағынының жалпы жиынтығына; 2) беткі ағынға; 3) жер асты 
ағынына; 4) ең аз немесе ең кӛп ағынға қатысты есептеледі. 
АҒЫН КОЭФФИЦИЕНТІ - жалпы жауын-шашынның ағынға 
айналған бӛлігін кӛрсететін проценттік шама. 
АҒЫН 
СУ 
ҚАБАТЫНЫҢ 
ҚАЛЫҢДЫҒЫ 

ағын 
коэффициентінің 
мм-мен 
не 
см-мен 
ӛлшенген 
қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, ӛзіндік ағынның кӛлемі 59 км
3

АҒЫН НОРМАСЫ - кӛп жылдық кезендегі ағын шамасының 
орташа 
мәні. 
Ағынның 
жылдық, 
айлық 
шамаларының 
орташа арифметикалық мәні (жылдық, айлық ағын нормасы) 
ретінде есептеледі. 
АҒЫН СУ - 1) анық кӛрінетін екі бірдей жаға арасындағы арнамен 
(ӛзеннің, ӛзеншенің) немесе ойпаң жермен еңіс бағытта тұрақты 
және уақытша ағып ӛтетін табиғи су ағыны; 2) табиғи және 
жасанды ағын сулардың жалпы аталуы. 
АҒЫНДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ КОЭФФИЦИЕНТІ - су 
қоймадан тұтынушыларға жеткізілетін жылдық орташа су 
кӛлемінің (Ж) ӛзеннің қалыпты ағынының кӛлеміне (V) катынасы: 
у = IV/ У0. 
АҒЫННЫҢ ЖЫЛ БОЙҒЫ БӚЛІНІСІ - ағынның жыл бӛліктері 
(маусымдар, айлар, онкүндіктер) бойынша бӛлінуі; әдетте, ол 
жылдық ағын мӛлшерінен үлес немесе пайыз есебімен анықталады. 
АҒЫННЫҢ КӚП ЖЫЛДЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕРІ - кӛп жылдық 
кезең ішінде ӛзен сулылығының кӛп жылдық, орташа шамасынан 
едәуір ауытқуына сәйкес ӛзгеруі. Олар ӛзеннің кӛп сулы және аз 
сулы циклдерінің ауысымы түрінде байқалады. 
АҒЫНСЫЗ АЛАҢ - ӛзен мен кӛлдің су жинау алабындағы беткі 
ағын суы жок аумақ. 
АҒЫНСЫЗ АЛАП - ағынсыз атыраптарда тараған ӛзен мен кӛл 
алаптары 
(мысалы, Арал—Каспий 
ағынсыз 
атырабында  
орналасқан Еділ, Жайық, Әмудария  мен Сырдария ӛзендерінің 
алаптары). 
АҒЫНСЫЗ АТЫРАП - ӛзен жүйелері арқылы мұхитпен 
байланысы жоқ материктік ішкі ағынсыз атырап. Мұнда ӛзендер 
мұхиттармен байланыспайтын теңіздер мен кӛлдерге құяды 


немесе қуаң зоналардағы құмдарға келіп жоғалады. Ағынсыз 
атыраптың аумағы жағынан ең ірісі —Еділ,  Жайық,  Әмудария  
мен  Сырдария ӛзендері құятын Каспий—Арал атырабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет