Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет8/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   206
АНТИЦИКЛОН (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі 
қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары 
аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі. Қысым орталығынан шетіне 
қарай тӛмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның 
орталығынан шетіне қарай және Жердің ӛз осінің айналуының 
ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда 
солға қарай бұрыла соғады. Ені 2-3 мың , км-ге жетеді. Орталық 
бӛлігінде ауа жоғарыдан тӛмен қарай құлдырайды да, барған сайын 


құрғай түседі. Сондықтан Антициклон ӛткенде қыста суық, жазда 
жылы, ашық ауа райы қалыптасады. Тұрақты Антициклон 
Антарктиданың үстінде, екі жарты шардың субтропиктік 
ендіктерінде айтарлықтай жиі қалыптасады (Азор антициклоны, 
Солтүстік-Тынық мұхит антициклоны). Сонымен бірге қыста 
қоңыржай ендіктердегі құрылықтардың үстінде де пайда болады 
(мысалы, Сібір антициклоны). Кейде антициклон деп кез келген 
қысым жоғары және біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталмаған 
қысым жотасын‖ да айта береді. Антициклонда ауа қысымы 
ортасынан шетіне қарай тӛмендейді. Солтүстік жарты шарда 
антициклон ауасы сағат тілінің айналу бағытымен орталықтан 
сыртқа қарай ағады. Оңтүстік жарты шарда ауа сағат тіліне қарсы 
бағытта, сыртқа қарай ағады. Антициклон ортасында ауа 
жоғарыдан тӛмен бағытталғандықтан, онда атмосфера шептері 
болмайды. Ауа массасы тӛмен түскен сайын адиабатты түрде 
жылиды да температура инверсиясы пайда болады. Қазақстанға, 
кӛбіне, қыста шығыстан Сібір анициклоны тараса, жазда батыстан 
Азор 
антициклоны 
әсерін 
тигізеді. 
Құрлық 
үстіндегі 
антициклонның орталығында селдір бұлтты ауа райы орнығады 
және оның солтүстігінде жылы ауа массасы қалыптасып, жазда 
будақ бұлттар, қыста қатпарлы бұлттар бақалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет