амфиболиттер әшекей және
қаптама тастар ретінде жиі
қолданылады.
АНАТЕКТИТ - анатексис процесінің нәтижесінде түзілетін тау
жынысы.Олар құрылым ерекшеліктері мен құрамы тұрғысынан
ӛздері
жаралған
түп-негіз
жыныстарымен
салыстырғанда
айтарлықтай ӛзгерістерге ұшырай тұрса да, сол түп-негіз
жыныстарының барынша бұлыңғырланған нышандарын да
кіріктіреді.
АНЕРОИД - ауа қысымын сұйықтықтың кӛмегінсіз ӛлшейтін
аспап. Анероид негізінен ӛзгерту күшіне пропорционал серпінді
қорапшаның (види қорапшасы) ӛзгеруі бойынша, яғни оған үстеме
қысымның ӛзгеруі бойынша атмосфераның қысымын ӛлшейтін
аспап
АНТАРКТИДА (гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға керісі) - Оңтүстік
поляр аймағының орталығындағы материк. Кӛлемі 14 млн шаршы
км шамасындай.
Антарктида Атлант, Үнді және Тының
мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың
саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашңан.
Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның
орташа қалыңдығы 1500 м шамасындай, ал ең калыңы 4000 м.
Ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу маңда ұшырасады.
Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни
барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық.
Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген,
оның құрамына
бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес
аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және
Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит
сулары
мен
Уэдделл,
Беллинсгаузен,
Амундсен,
Росс,
Ғарышкерлер,
т.б.
теңіздері
шайып
жатыр.
Антарктида
құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын
гондваналық платформа түзеді, басым бӛлігі
архей эрасындағы
гнейс,
кристалды
жақпар
тас,
граниттерден
құралған.
Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді.
Антарктида платформасы ӛзінің геологиялық құрылымы мен
жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық
және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына ӛте ұқсас. Ол
тӛменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен кӛлемі
ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-
кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын
жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының ӛте
күшті ӛзгеріске ұшыраған құрлықтық шӛгінді жыныстардан
құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің
дамығандығына дәлел болады. Ондағы
жер қыртысының орташа
қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің
қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде.
Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады.
Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және
Шығыс Антарктида болып екіге бӛледі. Оларды жан-жағынан
жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан.
Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады.
Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері,
Королева
Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон
таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м,
абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау
белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады.
Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан
бӛлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен тӛмен
жатқан бӛлігінің орташа ойыстығы 460 м.
Батыс Антарктида
жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында ӛте қатты ойысқан
ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дӛңес
таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері
шығыспен салыстырғанда ӛте қатты тілімденген. Құрлықтың ең
биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз
деңгейінен ең тӛмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең
жазықтардағы құрлықтың қайраңдық
мұздықтары Антарктида
жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Антарктида табиғатын зерттеп
білу планетамыздағы тіршілік дамуының ӛткені мен болашағы
арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол
құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы
байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: