БРИКНЕР ЦИКЛІ , Брикнер кезеңі – жылы әрі құрғақ, суық әрі
ылғалды жылдардың (кезеңдердің) шамамен 35 жылдық циклмен
алмасып отыруы. Бұл циклді жауын-шашын мӛлшерін, Каспий
теңізінің деңгейінің
ауытқуын,
мұздықтар
динамикасын,
ӛзендердіңқату мерзімінің ӛзгеруін зерттеу негізінде неміс
климатологы Э.Брикнер ашқан (1890).
БУ — заттың газдық фазасы ӛзінің (сұйық фазасы, сұйық ) қатты
фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу
мен газ ұғымы, кӛп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана
ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан
―Бу‖
және
―газ‖
терминдері бір-біріне пара-пар. Химиялық таза заттар Буының
мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен
қанығу қысымы кезіндегі Бу, басқаша айтқанда, заттың Буы ӛзінің
сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын
күйі
және
оның
қасиеттері
тек
температурамен
ғана
анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда темп-расы
қанығу темп-расынан жоғары болатын Бу, яғни тығыздығы
қаныққан Будан кем болатын Бу); аса қаныққан Бу (берілген темп-
радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын Бу).
Аса қызған бу - берілген қысымда темп- расы қанығу темп-
расынан жоғары болатын бу.
Атомдық бу- үлгінің құрамына кіретін заттарды атомдарға
ыдырайтындай дәрежеде қыздырған кездегі күйі.
Қаныққан бу - сұйықтықпен немесе сондай химиялық құрамды
қатты денемен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде
пайдаланылатын су буы.
Ӛткір бу - қыздырылатын сұйықтыққа тікелей жіберілетін
қыздырғыш бу.
БУССОЛЬ — жергілікті жерде магниттік азимуттарды немесе
румбтарды ӛлшеуге арналған геодезиялық аспап. Ол бұрыштық
бӛліктері бар дӛңгелектен және оның ортасыңдағы сүмбі үшында
айналатын магнит нұсқарынан тұрады. Кӛздеу үшін буссольдің
диоптрлары
бар,
ӛлшеу
кезінде
оны
штативке
орнатады, планшетке қояды немесе қолда ұстайды. Буссольдің
анықтаулары
ерекше
сақталатын
нормаль
буссольдік
кӛрсеткішімен тексеріледі. Нормаль және жұмыс буссольдерінің
кӛрсеткіштері арасындағы айырым буссольдің түзетуі деп аталады.
Дӛңгелек Буссоль немесе буссоль-бадарлауыш, әдетте, дәл және
техникалық теодолиттердің жиынтығында болады. Теодолитпен
магниттік азимутты анықтау үшін алидаданы 0 С есептеуіне қойып,
қысқыш бұрандасымен бекітеді де, аспапты айналдырып, Буссоль
нұсқарын 0°0' есептеуіне келтіреді. Содан соң кӛру дүрбісінің
кӛздеу ӛсінің басқа бір азимутты жағдайында лимбтегі есептеу
кӛздеу сызығының магниттік азимутына тең болады.
БҦҚТЫРМА —
кӛне обалар тобы. Шығыс
Қазақстан
облысы, Глубоков ауданы, Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2
км
жерде. 1953
жылы Шығыс
Қазақстан
археологиялық
экспедициясы (жетекшісі С.С. Черников) зерттеген. Барлығы 8
обаның 4-і қазылып зерттелген. Олар тас дуалмен дӛңгелене
қоршалған. Мүрделер сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың
ішінен
б.з.б.
IV
—
III
ғасырларға
жататын
қола
шанышқы,қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған
қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары
табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |