Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет34/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   206
БОФОРТ ШКАЛАСЫ — жер бетіндегі нәрселерге жасаған 
әрекетіне 
және теңіз толқынысына 
қарап 
желдің 
күшін 
(жылдамдығын) анықтауға арналған шартты түрдегі 12 балдық 
шкала. 1806 жылы ағылшын адмиралы Ф. Бофорт жасаған және ӛзі 
қолданған. 1963 жылдан дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 
қабылдаған Бофорт шкаласы пайдаланылып келеді. Бофорт 
шкаласы теңізнавигациясында жиі қолданылады (кестені қ.). 
БӚГЕН, су бӛгені — арнасын бӛгетпен бӛгеу немесе жер бедерінің 
кӛлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су 
қоймасы. Бӛген ӛзен ағынын тиімді пайдалану (электр энергиясын 
ӛндіру, кеме қатынасы, сумен қамтамасыз ету, егін суару, балық 


ӛсіру, т.б.) мақсатында жасалады. Шағын Бӛгендерді әуіт, тоған деп 
те атайды. Су мӛлшерін реттеу мерзіміне байланысты тәуліктік
апталық, маусымдық (немесе жылдық) және кӛп жылдық Бӛген 
болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең ірі Ангара Ангарадағы Братск 
Бӛгенінің кӛлемі 170 км
3
. Қазақстанда Ертіс ӛзенінде аса ірі
Бұқтырма,  Іледе —Қапшағай, Сырдарияда — Шардара Бӛгендері 
бар. 
БӚГЕН - Сағалық 
ӛңірінде бірте-бірте 
кеңи 
түскен ӛзен 
аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын 
шығанақтар. Ашық және жабық бӛгендер болып екі түрге бӛлінеді. 
Ашық бӛгендер теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың 
бӛгендер теңіз айдынынан кӛшпе аралдар мен бел-белестер арқылы 
дараланған күйде ұшырасады 
БӚГЕТ — ӛзеннің жоғарғы ағысы жағындағы су деңгейін кӛтеру 
және соның нәтижесінде суды шаруашылыққа кең пайдалану 
(суэлектр станцияларын салу арқылы электр энергиясын ӛндіру, 
ӛзен кӛлігі қатынасын жақсарту, жер суару, тағы басқалар) 
мақсатында ӛзен арнасы мен аңғарларында кесе кӛлденең жасалған 
су бӛгегіш құрылыс. Кішігірім ӛзен арналық бӛгеттер мен 
плотиналар бегеме немесе жасанды шоңғалдар деп аталады. Совет 
үкіметі жылдарында жасалған Днепр, Волга, Цимлян, Ӛскемен,
Бұқтарма, Новосибирь тағы басқа кептеген бегеттер су ағысын 
тәртіптеп, оларды жоғарғы айтылған мақсаттарға пайдалануға 
мүмкіндік беруде. Бӛгеттер ӛзен ағысының режимін басқаруға, 
суды халық шаруашылығының талабына сай таратып, пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
БӚГЕТ — ӛзен арнасындағы судың деңгейін кӛтеру, су ағынын 
арттыру, бӛген жасау, т.б. үшін ағынды суды кесе кӛлденеңдеп 
қоршай салынған гидротех. құрылыс. Ол ағынды суды бӛгеуге 
арналған бітеу Бӛгет және ӛзен арнасына жиналған артық суды (су 
қашыртқыны) 
реттеуге 
арналған 
Бӛгет 
болып 
бӛлінеді. 
Материалына қарай грунтты (топырақты) Бӛгет, тас Бӛгет, бетон 
Бӛгет және темір-бетон Бӛгет болып ажыратылады. Ығысу күшіне 
қарсылық кӛрсетуіне қарай гравитациялық Бӛгет, аркалық Бӛгет, 
контрфорстық Бӛгет; биіктігіне қарай тӛм. арынды (10 м-ге дейін), 
орта арынды (10 м-ден 50 м-ге дейін) және жоғ. арынды (50 м-ден 
биік) болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең биік Бӛгет — Вахш 
ӛзендегі (Тәжікстан) Рагун Бӛгеті (335 м). 


БРИЗ (фр. brise — 
жел) 
— теңіздердің, кӛлдердің (кейде 
ірі 
ӛзендердің) жағасында тәулік ішінде ӛз бағытын карама-қарсы 
жаққа ӛзгертіп соғатын жел. Күндізгі Бриз теңізден (кӛлден
құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бризқұрлықтан теңізге (кӛлге) қарай 
соғады. Құрлық пен судың бірдей жылынбауы салдарынан беткі 
 ауа  қабаттарындағы атмосфералық қысымда айырма пайда болады 
да, ауаның қозғалысы басталады. Күндізгі Бриз (теңіздік) теңізден 
қызған құрлық бетіне (жағалауға), ал түнгі Бриз (жағалық) 
салқындаған құрлық бетінен теңізге қарай соғады. Бұл табиғи 
құбылыс негізінен жаз айларына тән. Себебі, жазда құрлық пен 
теңіз үстіндегі тәуліктік ауа темп-расының айырмасы 20ӘС-қа 
дейін жетеді. Бриз жер бетінен жүздеген метр (кейде 1 км-ден 
астам) биіктікке дейінгі ауа қабатын қамтиды, ондаған қашықтыққа 
дейін соғады. Теңіздік Бриздің жылд. 7 м/с-қа дейін 
жетеді.
[2]
 Бриздер теңіздер мен үлкен кӛлдердің жағалауында 
байқапады. Олар су айдындары мен құрлық арасындағы тәулік 
ішіндегі температура мен қысым айырмашылығынан пайда болады. 
Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік бриз), ал түнде жағалаудан 
теңізге (жағалық бриз) бағытталады. Бриздердің жылдамдығы, 
әдетте, 3—5 м/с, тропиктерде бұл кӛрсеткіш әлдеқайда жоғары. 
Теңіздік бриз құрлықта ауа температурасын тӛмендетіп, 
салыстырмалы 
ылғалдылығын 
арттырады. 
Мәселен, Үндістандағы Мадраста теңіздік бриз әсерінен ауа 
температурасы 2—3°С-қа тӛмендеп, ылғалдылық 10—20%-ға 
жоғарылайды, ал Батыс Африкада бұл кӛрсеткіштер тиісінше 10°С 
пен 40%-ды құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет