Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет58/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   206
ДАЛА ШПАТТАРЫ – қаңқалы силикаттар класының ӛте кӛп 
тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы. Бүкіл Жер  
қыртысының 50%-ын құрайды. Дала шпаттарының моноклиндік 
және триклиндік сингонияда  кристалданады. Кристалдары тақта 
немесе бағана пішінді. Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа. 
Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см
3
, балқу t 1110 
– 1550°С. Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-
натрийлі  (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-
барийлі болып 
бӛлінеді. 
Дала 
шпаттары 
кӛптеген 
тау 
жыныстарының құрамына кіреді,  граниттерде, сиениттерде,
диориттерде, габброда (плагиоклаздар), тағы басқа магмалық 
жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың 
(гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында 
түзіледі. Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, 
монтмориллонитке, 
сазды 
минералдарға 
айналады, 
ал 
гидротермальдық 
ӛзгерістерге 
және 
метаморфтануға 
шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит, тағы басқа түзіледі. Дала 
шпаттары керамика, фарфор, шыны ӛнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, 
бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала 
шпаттары 
(амозонит, 
тағы 
басқа) 
әшекейлегіш 
тас, 
ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады. Химиялық 
ӛзгешеліктері К, N
8
, Са алюмосиликаттарының изоморфты 
қоспалары кальций мен натрийдің, калий мен натрийдің, калий мен 
барийдің қаңқалы алюмосиликаттары. Плагиоклаздар, сілтілі дала 
шпаттары және біршама сирек барий дала шпаттары болып 
сараланады. Кристалдар, түйірлі агрегаттар, сеппелер және тағы 
басқа түзеді. Жер қыртысы массасының шамамен 50%-ын құрайды. 
Дала шпаттарын құрайтынминералдар тобы үш ұдай жүйеге 
жіктеледі: катион ролін натрий атқаратын дала шпаттары альбит 
[N
3
(AlSi
3
O
8
)], калий атқаратын дала шпаттары — калийлі дала 
шпаттары 
(ортоклаз, 
микроклин, 
сандин) 
[К(AlSi
3
O
8
)], 


ал кальций атқаратын дала шпаттары анортит [Са(AlSi
3
O
8
)] деп 
аталады; альбит пен калийлі дала шпаттары аралығындағы 
минералдар сілтілі дала шпаттары деп аталса, альбит пен анорит 
аралығындағылары плагиоклаздар деген атауға ие. 
ДАУЫЛ — теңізде күшті толқындар кӛтеретін, құрлықта бірталай 
апаттарға себеп болатын ӛте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). 
Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың ӛтуімен тығыз байланыста 
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет