Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет62/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   206
 

 
ЕДІЛ (орыс. Волга) ӛзені - Еуропадағы ӛзен. Еділ, Волга (ежелгі 
атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен ӛзен. 
Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. 
Бастауын Валдайқыратынан 
(абсолюттік 
биіктігі 
343 
м) 
алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м тӛмен 
жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта 
ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары 
құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі ӛзенге айналады. Ӛзен қар 
суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен 
толығады. Кӛктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста 
суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды. Еділде 
балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының 
кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта,  майшабақ,  табан, 
 кӛксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Ӛзенді электр 
энергиясын ӛндіруге, кӛлік қатынасына, жер суаруға және 
суландыруға пайдаланады. Ӛзен суы Еділ-Жайық аралығындағы 
бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар 
жерді суландыруға мүмкіндік береді. Ӛзенде кеме қатынайды. 
Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон 
каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. 
Аса маңызды ӛзен порттары: 
 Тверь, Рыбинск, Ярославль, 
Кинешма, Нижний 
Новгород, 
Чебоксар, 
 Қазан, 
 Ульяновск, Тольятти, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан. 
ЕЛДІ МЕКЕН – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың,
кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер  мен ұйымдардың  
ғимараттар жиынтығынан тұрады және ӛзіне тән география атауы 
(топонимі) болады. Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның 
әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты 
қалыптасады. Елді мекен кеңістіктік орналасуы (тығыз, 
бытыраңқы), 
халық 
шаруашылық 
қызметі, 
мӛлшері 
(тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және т.б. сипаттары 


бойынша әр түрлі болып келеді. Кӛп жағдайда Елді мекен мен 
ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті 
ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді. Қазақстанда Елді 
мекендер бұл сипаттары бойынша ауыл, кент, қала болып негізгі 
үш дәрежеге бӛлінеді. Ауылдық Елді мекенге, сондай-
ақ қыстақтар, балық, орман ш-тарының орталықтары, т.б. жатады. 
Елді мекендер ӛзінің даму деңгейіне және әлеум. маңызының 
ӛзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша бір дәрежеден екінші 
дәрежеге кӛшіріліп отырады (мыс., ауылдық Елді мекеннің кентке, 
кенттің қалаға немесе қаланың кентке, кенттің ауылға айналуы) 
ЕНДІК — 
жер 
бетіндегі 
нүктелердің 
орнын 
аныктайтын географиялық координаттардың бірі. Астрономиялық 
ендік және геодезиялық ендік деп сараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет