ДАУЫЛДЫ ЖЕЛ — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—
30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нӛсер қатар жүретін жел.
Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің ӛтуі барысында
және ӛте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.
Дәуір – халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық
шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан тӛртінші
дәрежелі бірлігі немесе бӛлімшесі.
қандай да болмасын оқиғаның немесе процестің басталуы
есептеле
бастайтын
уақыт
сәті.
Дәуір
ұғымы
бұл
мағынада астрономияда қолданылады. Мұндағы «дәуір » әр текті
периодты аспан құбылыстарына бақылау жасағанда уақыт санау
басталатын
мезгіл
сәтін,
я
қандай
да
болмасын
бақыланушыаспан шамшырағының қайсыбір нақты күйі үшін
уақыт сәтін білдіреді. «Дәуір» терминінің соңғы мағынасы
ежелгі астрономияда, әсіресе, астрологиядақолданылған;
қандай да бір құбылыстың ӛмір сүруіндегі немесе қандай да бір
процестің дамуындағы басқа уақыт интервалынан сапалық
тұрғыдан ӛзгеше уақыт интервалы. «Дәуір» ұғымының бұл
мағынасы геологияда анағұрлым қатаң түрде пайдаланылады.
Мұнда негізгі уақыт кӛрсеткіші тау жыныстары түзілетін
аралықтағы мезгіл сәті болып табылады. Геологияда мұндай
интервалдар тӛмендегідей ӛрбу сатылары арқылы беріледі. Ең
үлкен интервал «заман», яғни эра (латынша аera – бастапқы сан)
ұғымы арқылы анықталады. Бұл – геологиялық топты құрайтын тау
жыныстарының
геологиялық
түзілу
мерзімі.
Мысалы, палеозой, мезозой, кайнозой.
Әрбір
заман геологиялық жүйені
құрайтын
тау
жыныстарының
геологиялық түзілу мерзімін білдіретін кезеңдерге бӛлінеді.
Мысалы, палеозой заманы кембриялық, ордовик, силурийлік,
девондық, тас кӛмір және перьмдік кезеңдерді қамтиды. Дәуір деп
бұл тұста геологиялық бӛлімді құрайтын тау жыныстарының
геологиялық түзілу мерзімі ұғынылады;
гуманитарлық ғылымдар мен философияда (жекелей алғанда,
тарих
философиясында)
дәуір
ұғымы астрономия мен
геологиядағыдай нақты мағынада қолданылмайды. Мұнда да дәуір
деп басқа тарихи уақыт интервалдарынан сапалық жағынан ӛзгеше
бір уақыт интервалы түсініледі. «Дәуір» ұғымын осы мағынада
тарихи процеске қолдану адамзат дүниетанымындағы уақыт
категориясын жіктеудің арқасында мүмкін болды. Мұндай
мүмкіндік Жаңа
дәуірде ғана
пайда
болды.
Сол
кезде тарих ғылымы мен тарих философиясы алдында ӛзекті
мәселелердің бірі ретінде тарихи процестерді кезеңдерге бӛлу
міндеті қойылды. Бұл тұрғыдан қазіргі ғылым адамзат тарихын
жіктеуде дәуір ұғымын кеңінен пайдаланады. Мысалы, ежелгі дәуір
(Рим империясы құлағанға дейінгі кезең, V ғасырдыңдың 2-
жартысына дейін), орта ғасырлар (V ғасырдан XVII ғасырдың
ортасына дейін), жаңа дәуір (XVII ғасырдың ортасынан бастап).
Адамзат тарихын дәуірге бӛлудің жалпылама үлгілерінің бірі
ретінде қабылданған бұл 3 уақыт интервалы анықталғанға дейінгі
процесс ұзаққа созылған болатын. Адамзат қоғамының дамуын әр
түрлі кезеңдеулер ұсынылды, бірақ қалай болғанда да тарихи
интервалдарды ешкім де арнайы дәуір деп атамады. XVIII ғасырдан
бастап «дәуір рухы», «замана рухы», «бұл тұтас дәуірді құрады»,
«бұл жаңа дәуірдің бастамасы еді» деген тәрізді ұғымдар пайда
болды. Олардың белгілі бір тұжырымдамалық мағынасы болмады,
тіпті олар күні бүгінге дейін жоқ. Дәуір геологиялық кезеңнің
құрамдас бӛлігі болып табылады, ӛз кезегінде, геологиялык
ғасырларға жіктеледі. "Дәуір" түсінігінің стратиграфиялық
баламасы бӛлім, яғни "нақтылы бӛлім" жер қыртысы дамуының
"нақтылы дәуірі" барысында қалыптасып үлгерген таужыныстар
қабаты. Әрбір геологиялық кезең, әдетте екі немесе үш дәуірге
жіктеледі, олар сол кезеңнің "алғашқы", "ортаңғы" және "соңғы
дәуірлері" (үшке жіктелгенде) немесе "алғашқы" және "соңғы
дәуірлері" (екіге жіктелгенде) деп аталады. Бұларға сәйкес келетін
стратиграфиялық бірліктер яғни бӛлімдер "тӛменгі бӛлім",
"ортаңғы бӛлім" және "жоғарғы бӛлім" (үшке жіктелгенде) немесе
"тӛменгі бӛлім'" және "жоғарғы бӛлім" сӛз тіркестерімен беріледі.
Мысалы, кембрий кезеңі (жүйесі) үш дәуірге (бӛлімге) жіктеле
отырып, "алғашқы(тӛменгі) кембрий", "ортаңғы кембрий" және
"соңғы (жоғарғы) кембрий" дәуірлеріне (бӛлімдеріне) жіктелсе, бор
кезеңі (жүйесі) екі дәуірге (бӛлімге) жіктеледі, олар "алғашқы
(тӛменгі) бор" және "соңғы (жоғарғы) бор дәуірлері (бӛлімдері)"
деген сӛз тіркестерімен ӛрнектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |