Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет77/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   206
ЖЕЛ ӚРНЕГІ (РОЗА ВЕТРОВ) - берілген жердегі желдің соғу 
режимін сипаттайтын векторлық диаграмма. Желдің басым 
бағытының ӛндірістік маңызы зор, әсіресе ауыл шаруашылығы мен 
құрылыста. Мысалы, егінді қорғайтын орман алқаптарын 
орналастыру және қар тоқтату жұмыстарын дұрыс жобалау үшін 
желдің басым бағытын білу керек. Сондықтан да күнделікті 
бақылау негізінде, кӛпжылдық мәліметтер бойынша, белгілі уақыт 
аралығындағы (ай, маусым, жыл) желдің бағытының румбалар 
бойымен кайталанушылығы анықталады. 
ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫ – жел энергиясын механикалық, жылу 
немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, 
әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын 
энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына 
ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел 
күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол 
ӛндіруге болады. Республикамыздың барлық ӛңірлерінде жел қуаты 
жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия кӛздерінен 
экологиялық және экономикалық артықшылықтары кӛп. Жел 
энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы 
оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты 
пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия 
кӛздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың 
шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр 
стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр 
энергиясын ӛндіру ӛте тиімді. Қыс айларында жел күші кӛбейсе, 
жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз 
айларында 
кӛбейеді. 
Сӛйтіп, 
энергия 
ӛндіруді 
біршама 
тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас 
аймағындағы 40-ендікте, Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа 
массасының кӛлемі ауысатын — Орталық Азиядағы «жел полюсі» 
деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі 
таудың ең тар жеріндегі (ені 10 – 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи 
«аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның 


Балқаш 
– 
Алакӛл 
ойпатын 
Қытайдың Ебінұр ойпатымен 
жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу 
нәтижесінде оның электр энергиясын ӛндіруге ӛте тиімді екені 
анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-
шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан 
соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр 
стансалары 4 – 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің 
қарама-қарсы бағытқа ӛзгеруі сирек болуына байланысты мұнда 
турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің 
жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл ӛте зор 
энергия кӛзі, әрі кӛмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен 
қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. 
ЖЕР — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші 
ғаламшарадамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік 
(дӛңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 
149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде 
Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 
384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика 
жазықтығына кӛлбеулігі 66°33´22˝, оның ӛз осінен айналу периоды 
23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің ӛз осінен айналуы себебінен Жерде күн 
мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына кӛлбеулігі мен 
Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ӛзгеріп отырады. 
Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді 
айналып жүрген 9 планетаның ішінде мӛлшері мен массасы 
бойынша 5-орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа 
тығыздығы 5,517 г/см3, кӛлемі 1,083 млрд. км3, ауданы 510,2 млн. 
км2, сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы 
күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл 
бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, 
планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты 
материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая 
берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн 
сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге 
жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін 
барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне 
тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер 
эллипсоидтық пішінге келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет