Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет73/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   206
ЖАРЫҚ ДИФРАКЦИЯСЫ – жарық толқындарының мӛлшері 
сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар 
саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап ӛту құбылысы. Жарық 
дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің айқын шекарасы 
болуы тиіс. Дифракцияжарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық 
процестерде де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың 
жолында кездескен тосқауылды орап ӛтуі, т.б.). Жарық 
дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, 
яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық 
толқындарының ұзындығы ӛте қысқа болғандықтан, қалыпты 
жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы 
– 
жарықтың 
толқындық 
қасиетін 
дәлелдейтін 
негізгі 
құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық физик 
және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз 
физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді. 


ЖАРЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ – кез келген электрмагниттік 
толқындардың (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі 
(вакуумдағы) 
таралу 
жылдамдығы; 
іргелі 
физикалық 
тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық 
дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. 
Санақ жүйесі ӛзгерген кезде координатты, жылдамдықты және 
уақытты түрлендіру жарық жылдамдығы арқылы ӛрнектеледі. 
Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 ж. Юпитер серіктерінің 
тұтылулары арасындағы уақыт аралығының ӛзгеруі бойынша дат 
астрономы Оле Ремер ӛлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с 
болды). Жарық кӛзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізген 
ӛлшеулер нәтижесінде жарық жылдамдығын ӛлшеу дәлдігі жоғары 
кӛтерілді: с=299792,5•0,15 
км/с. 
Қазіргі 
кезде 
жарық 
жылдамдығының 
вакуумдағы 
мәні 
үшін 
ресми 
түрде с=299792,458•1,2 м/с қабылданған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет