ЖАС ПЛАТФОРМА - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық
платформа. Екінші сӛзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз
каледондық,
герциндік және мезозойлық
[1]
қатпарлы алқаптар
орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық кӛнелігі
тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және
эпимезозойлық, платформалар дараланады.
Мысалы, Батыс
Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары
жатады.
ЖЕЛ — ауаның жер бетіне қатысты кӛбінесе горизонталь бағытта
қозғалуы;метеорологияның негізгі
ұғымдарының
бірі.
Жел
атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі
таралмауынан пайда
болады әрі жоғары қысымнан тӛменгі қысымға қарай
бағытталады. Ауа
қысымы уақыт
пен кеңістікте тұрақты
болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі ӛзгеріп
отырады. Желдің бағытын кӛкжиектің қай тұсынан соғуына
байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16
румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен
немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) ӛрнектейді.
Биіктікке
кӛтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты
ӛзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің ӛзгеруіне де тәуелді
болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, кӛлемді ауа ағындарын
(муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады,
осыдан жергілікті және
жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның
барлық ӛңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып
тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және кӛктем
мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Ӛте күшті желдер Каспий жағалауы
және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік
желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел
тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бӛледі:
ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шӛл және шӛлейт, үлкен ашық
су қоймалары тӛңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакӛл кӛлдері,
т.б.); тау аңғарларында және тау аралық ӛңірлерде («Жетісу
қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтӛбе», «Қордай», т.б.); орташа
биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау»,
«Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр
энергиясын ӛндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін
суару, т.б. үшін пайдаланылады. Атмосфералық қысымның біркелкі
таралмауынан және жоғары кысымның тӛменгі
қысымға карай
ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша
үздіксіз ӛзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты
үнемі ӛзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша
анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша)
анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, түйін ігемесе
(шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен ӛлшенеді. Жел үлкен
аумақтың үстінде ӛте кең ауа ағыстарын (муссондар мен
пассаттарды)
түзеді,
олардан атмосфераның
жалпы
циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі.
Жел жоғары
карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар
градиенттерінің ӛзгеруіне байланысты озгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: