Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


ЖЕР БЕТІ ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫҢ СӘУЛЕ ШАШУЫ -



Pdf көрінісі
бет80/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   206
ЖЕР БЕТІ ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫҢ СӘУЛЕ ШАШУЫ - Жер 
мен атмосфера басқа да денелер сияқты белгілі мӛлшерде энергия 
шашады. Жердің беті – топырақ, су, қар, ӛсімдіктер, ғимараттар 
және басқа да денелер күн радиациясы мен атмосфера радиациясын 
жұтып, ӛздері қоршаған ортаға ұзынтолқынды жылулық 
(инфрақызыл) радиация шашады. Оны жер бетінің сәулешашуы деп 
атайды. Сәулешашу спектріне байланысты жер беткейін сұр дене 
деп есептесе болады. Сондықтан да оған Вин заңын қолданса 
болады. Ол заңға сәйкес. Жер шарының тӛселме бетінің жыл 
бойына орташа алғанда температурасы 15˚С болғанда, оның 
шашатын энергиясының максимумы 10 мкм толқын ұзындығына 
сәйкес келеді. 
ЖЕР ҚАБЫҒЫ - Жердің ең тысқы жіңішке қатты қабаты. Жердің 
1%-дан кем кӛлемін құрайды. Қалыңдығы мұхиттердің астында 5 
км-ден бастап, тау тізбектерінің астында 60 км-ге жетеді. Жер-
іспетті планеталардың беті кӛбінесе қатты, астындағы жатқан 
тығыздығы жоғары тау жыныстарына дейін құрамы әртүрлі боп 
келеді деп, қабық боп саналады.
ЖЕР ҚЫРТЫСЫ — Литосфераның  беткі бӛлігін құрайтын
тӛменгі жапсары  Мохорович деңгейімен шектелген жердің ең 
үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына
құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 
типке бӛлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник 
жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 
км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер 
қыртысының қалыңдығы 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 — 
12 км-ге дейін ӛзгереді. Жер қыртысы тӛмен қарай тығыздығы арта 
беретін жанартаутекті-шӛгінді (тығызд. 1,8 — 2,5 г/см3), гранит — 
метаморфты (2,5 — 2,7 г/см3) және базальтты (2,7 — 3,0 г/см3) 
қабаттарға бӛлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бӛлігі қатпарларға 
жиырылып, жарылымдармен қиылған және тӛм. сатыда 
метаморфталған шӛгінді, терригенді және магмалық тау 
жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1 — 2 км, 
терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шӛгінді қабаттың астында 
салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шӛгінді қабаттың 
жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат 
орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 


км, тау жүйелері табанында 15 — 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде 
граниттік қабат ӛте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат 
Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең тӛменгі бӛлігінде
базальт, габбро  және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) 
ұшыраған шӛгінді жыныстардан құралған базальт қабаты 
орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер 
қыртысында шӛгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан 
қалың болады; субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі 
граниттік 
қабат 
анық 
байқалмайды. Геофизикалықдеректер 
бойынша, Қазақстандағы  жер қыртысының қалыңдығы Тұран 
тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км,  Тянь - Шань
Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орт. Қазақстанда 50 — 55 км. Жер 
қыртысының үнемі дамып ӛзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар 
сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер 
қыртысының дамуының басты себептері — Жердің аса терең 
қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында ӛтетін процестер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет